Давид Дегтярев екі дүркін Азия чемпионы атанды

19.10.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Қазақстандық Давид Дегтярев Азия Пара ойындарының екі дүркін чемпионы атанды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Пауэрлифтинг шебері Дегтярев 192 келіні көтеріп, V Азия Пара ойындарының жаңа рекордын орнатты. Төрт жыл бұрын өткен ойындарда ол 186 келімен алтын алған. Осы жолы өз рекордын жаңартып, Азия Пара ойындарының екі дүркін чемпионы атанып отыр.

Айта кетері, 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Давид Дегтярев 2021 жылдан бері үш дүркін әлем чемпионы және екі дүркін Пара Олимпиада чемпионы атанған. 2022 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия Пара ойындарының алтын медаліп жеңіп алған. Осы жолғы ойындар Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатыр.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью