Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Болашақ LRT желісінің сыйымдылығы мен жылдамдығына қатысты мәліметтер кейбір алматылықтардың күмәнін тудырды. Осыған байланысты қала әкімдігі бұған дейін жарияланған ақпаратқа түзету енгізді. Толығырақ – Tengrinews.kz материалында.
Болашақ LRT желісінің сыйымдылығы мен жылдамдығына қатысты мәліметтер кейбір алматылықтардың күмәнін тудырды. Осыған байланысты қала әкімдігі бұған дейін жарияланған ақпаратқа түзету енгізді. Толығырақ – Tengrinews.kz материалында.
Не болды?Бұған дейін Tengrinews.kz әкімдік деректеріне сілтеме жасай отырып, болашақ алматылық LRT-ның кейбір техникалық сипаттамаларын жариялады. Онда құрамның орташа қозғалыс жылдамдығы сағатына 20 шақырым, ал есептік сыйымдылығы 165 жолаушы екені айтылған.
Бұл сандар қала тұрғындарының тарапынан сын мен келемеж толқынын тудырды. Алматылықтар пікірлерде болашақ LRT-ны жүгірушілер және велосипедшілермен салыстыра бастады:
"Сағатына 20 шақырым?! Шын ба?" "Велосипед LRT-дан жылдам екен”. "Велосипед бұдан тез жүреді, бұл не деген жылдамдық? Оған кім мінеді?" Әкімдіктің жауабыҚала әкімдігі мәліметтерді нақтылады. Жаңа есептеулерге сәйкес, вагондар айтарлықтай кеңейіп, көліктің өзі жылдамырақ болмақ. Енді жылжымалы құрамның техникалық сипаттамалары мынадай:
Есептік сыйымдылығы: 285 жолаушы (бұрын мәлімделген 165-тің орнына); Орташа қозғалыс жылдамдығы: сағатына 35 шақырым (бұрынғы 20-ның орнына).Сонымен қатар жобаны қаржыландыру және бөлу схемасы өзгеріссіз қалды. Әкімдік мәліметінше, қазіргі техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) әлі де тек инфрақұрылымды: эстакадаларды, станцияларды, инженерлік желілерді және ілеспе нысандарды қамтиды.
"Вагондарды сатып алу жылжымалы құрамды жеткізуді, іске қосу-реттеу жұмыстарын жүргізуді, сынақтан өткізуді және пайдалануға беруді қарастыратын жеке жоба аясында жүзеге асырылады деп жоспарланған. Аталған жоба бойынша тиісті құжаттама әзірленіп, кейін белгіленген тәртіппен мемлекеттік сараптамадан өтеді", – деп нақтылады әкімдіктегілер.
LRT үшін вагондарды жеткізуші әлі анықталған жоқ - техникалық сипаттамалар әлі де пысықталып жатыр және түзетілуі мүмкін.
Жобаның түпкілікті құны мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін белгілі болады.