Делдалдардың уәдесіне сенбеңіз!: Қарызы бар қазақстандықтарға маңызды ескерту жасалды

04.07.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Қазірдің өзінде 5 мыңнан астам борышкер қарызын ұжымдық реттеу үшін өтінім берген, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бірақ жаңа платформаның іске қосылуымен бірге өзін «көмекші» ретінде таныстыратын делдалдар да көбейген. Олар өтінім рәсімдеуге жәрдемдесуді, процесті толық сүйемелдеуді, тіпті өтінімнің тез қаралатынына немесе міндетті түрде мақұлданатынына кепілдік беретінін айтып, азаматтарды алдауы мүмкін.

Мамандардың айтуынша, мұндай уәделерге сенуге болмайды.

«Өтінім тек finkelisim.kz ресми сайты арқылы қабылданады. Делдалдар кредиторлардың шешіміне де, берешекті реттеу шарттарына да ықпал ете алмайды. Сондықтан құжаттарыңызды, SMS арқылы келетін растау кодтарын және жеке кабинетке кіру деректерін үшінші тұлғаларға бермеңіздер», – деп ескертті мамандар.

Еске салсақ, платформаны Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Бірінші кредиттік бюромен бірлесіп, банк және микроқаржы омбудсмендерінің қатысуымен әзірлеген.

Жаңа жүйе борышкерлерге әрбір банкке немесе микроқаржы ұйымына жеке-жеке жүгінбей-ақ, барлық кредиторға ортақ бір өтінім беруге мүмкіндік береді. Соның негізінде 5 жылға дейінгі мерзімге бірыңғай төлем кестесі жасалады. Ал халықтың әлеуметтік осал топтары үшін бұл мерзім 7 жылға дейін ұзартылуы мүмкін.

Сонымен қатар келісім қолданыста болған кезеңде берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары уақытша тоқтатылады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью