Дем алу қиындайды: Бүгін ел тұрғындарына далада серуендеу уақытын шектеу ұсынылады

25.04.2026

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

«Казгидромет» мамандары 25 сәуірде еліміздің бірнеше ірі қаласында метеорологиялық жағдайдың қолайсыз болатынын хабарлады. Ауада зиянды заттардың жиналуына байланысты тұрғындардың денсаулығына қауіп төнуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: Ашық дереккөз

Синоптиктердің болжамынша, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар келесі қалаларда күтіледі:

Алматы, Өскемен, Семей, Риддер және Балқаш. Қарағанды мен Теміртауда жағдай әсіресе түнде күрделене түспек.

Мұндай жағдай – жел, тұман немесе температуралық инверсия кезінде туындайды. Бұл уақытта өндіріс орындары мен көліктерден шыққан зиянды заттар ауаға тарап кетпей, жер бетіне жақын қабатта жиналып қалады.

Ауаның ластануы, әсіресе, тыныс алу жолдары, жүрек-қан тамырлары аурулары бар жандар мен аллергиктерге тікелей әсер етеді. Осыған байланысты метеорологтар мынадай кеңестер береді:

1. Далада серуендеу уақытын шектеу;

2. Ашық ауада физикалық жаттығулар жасамау;

3. Автомагистральдар мен өндірістік нысандардан алыс жүру;

4. Созылмалы ауруы бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмегін жанында ұстау.

Еске сала кетейік, бүгін еліміздің оңтүстік өңірлерінде аптап ыстық күтілсе, солтүстік пен батыс аймақтарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Соңғы жаңалықтар

Атырауда мектеп оқушысын автобус қағып кетті

Оқиға • Бүгін, 10:53

Шымкентте әкімдіктен 10 млн теңге бопсалаған блогер сотталды

Оқиға • Бүгін, 10:21

Федералды жаза: АҚШ-та ең ауыр қылмыс жасағандарды газбен тұншықтыруы мүмкін

Әлем • Бүгін, 10:08

Мәйітті төсектің астына жасырған: Солтүстік Қазақтан облысында әйел танысын балтамен ұрып өлтірген

Оқиға • Бүгін, 09:50

Солтүстікте жел күшейіп, оңтүстікте күн ысиды: 25 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Ауа райы • Бүгін, 09:24

Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?

Қаржы • Бүгін, 09:04

Петропавлда тұрғын үй өртінен 100-ден астам адам эвакуацияланды

Оқиға • Кеше

25 сәуірге арналған ауа райы болжамы: Оңтүстікте күн 32 градусқа дейін жылынады

Ауа райы • Кеше

Түркістан облысында жол апатынан үш оқушы мерт болды

Оқиға • Кеше

Теміртауда балабақша тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Оқиға • Кеше

Бала ұрлау ісі: Ақтөбеде белгісіз біреу кішкентай қызды алып кетпек болған

Оқиға • Кеше

Алматыда KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам қатысты

Туризм • Кеше

Нұржан Батырбеков Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медальді салды

Күрес • Кеше

Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды

Оқиға • Кеше

Батыс Қазақстанда ауылдық округ әкімдерінің облыстық I форумы өтті

Аймақтар • Кеше

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью