Демалыс беруге міндетті Қазақстанда жұмыскерлерге маңызды хабарламалар келе бастайды

21.07.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Қазақстандықтар мен олардың жұмыс берушілеріне скринингтен өту қажеттілігі туралы хабарламалар келетін болады. Денсаулық сақтау министрлігі бұйрық жобасын дайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұйрықта не айтылған және ол нені өзгертеді?

"Ашық НҚА" порталында жарияланған бұйрық жобасы бойынша, қызметкерлер мен олардың жұмыс берушілеріне скринингтен өту қажеттілігі туралы хабарламалар жіберіледі.

Денсаулық сақтау министрлігі бұл шара профилактикалық тексерулерден уақтылы өту көрсеткішін арттыруға көмектеседі деп санайды.

"Аталған бұйрық жобасы ешқандай тәуекелдерді қарастырмайды және теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық немесе өзге де салдарға әкеп соқтырмайды", – делінген құжатта.

Құжат қолданыстағы нормаларды 2024 жылы қабылданған заңдарға сәйкес келтіру мақсатында дайындалған.

Бұйрық жобасын талқылау "Ашық НҚА" порталында 22 шілдеге дейін жалғасады.

Жұмыс беруші тексеруден өту үшін демалыс беруге міндетті

Қазақстанда жұмыс беруші қызметкерлерді скринингке жіберуге міндетті. Алайда мұның маңызды тұстары бар.

Бұл норма ҚР Еңбек кодексінде бекітілген. Қызметкерге күнтізбелік жыл ішінде 3 жұмыс күнінен аспайтын әлеуметтік демалыс беріледі. Скрининг кезінде қызметкердің жұмыс орны мен орташа жалақысы толық сақталады.

Демалысты қалай алуға болады?

Бұған дейін Tengrinews.kz-ке заңгер Сергей Уткин скринингтен өту үшін берілетін әлеуметтік демалыс - жұмыс берушінің құқығы емес, міндеті екенін айтқан болатын. Ол үшін қызметкер өтініш беріп, тексеру күнін көрсетуі тиіс, содан кейін жұмыс беруші тиісті бұйрық шығаруы керек.

Төленетін үш күнді жыл ішінде қатарынан немесе бөлек-бөлек пайдалануға болады. Бұл ретте демалыс тек заңнамада және денсаулық сақтау жүйесінде қарастырылған скринингтерден өту үшін ғана беріледі.

Егер қызметкер өз бастамасымен тексеруден өтсе, жұмыс беруші оған ақылы демалыс беруге міндетті емес.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью