Демалысқа қауіп төніп тұр ма? Пхукетте қауіптің қызыл деңгейі жарияланды

29.10.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Пхукетте нөсер жаңбыр салдарынан су тасқыны болып жатыр. Бірнеше туристік ауданды су басып, кейбір көшелерде жеңіл көліктер мен мотоциклдердің қозғалысына шектеу қойылды. Жергілікті билік табиғи апат салдарымен күресіп, жаңа нөсерге дайындалып жатыр, деп хабарлайды Tengri Travel Phuket News-ке сілтеме жасап.

Не болды?

Басылым мәліметінше, 28 қазанда нөсер жаңбыр салдарынан Патонг ауданы, сондай-ақ Чалонг, Раваи, Ката, Карон және Пхукет-Таунның негізгі жолдары су астында қалған.

29 қазанда таңертең жағдай қайталанды: аралдың 21 нүктесінде су деңгейі көтерілгені тіркелді.

@funnymomentsasia ##fyp #foryoupage❤️❤️ #floods #phuket #viral ♬ Black Glass Horizon - Wendell Blough

Ең көп зардап шеккен аймақ – Чалонг. Ват Тай және Кхок Танод қиылыстарында, "Чао Фа Накок" тұрғын үй кешені маңында, сондай-ақ Сои Банг Рае және Сои Йод Сане көшелерінде қозғалыс тоқтатылды. Мұнда жеңіл көліктер мен байктар жүре алмайды. Сонымен қатар Lotus’s және HomePro сауда орталықтары мен Ват Чалонг храмы маңайын су басты.

@px26712 Phuket flood#phuket ♬ 原声 - Leo

Каронда билік су деңгейінің көтерілуіне байланысты Кхок Танот жолын жапты.

Су тасқыны Пхукет-Таун мен Раваиге де жетті. Қиылыстарда, Дибук ауруханасының, мектептер мен ірі дүкендердің маңында су деңгейі төмендемей тұр. Қалада көлік қозғалысы қиындаған.

Instagram-дағы бұл жазбаны көру

A post shared by منير بوعديلة | mounir bouadila (@mouniroffi2)

Патонгда бұған дейінгі су тасқынының салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр.

Тасқын салдарымен күрес

Патонгда коммуналдық қызметтер көшелерді төбеден шайылып келген лай мен қоқыстан тазартып жатқаны хабарланды. Ауданда су қайтып, жолдар ашылған, бірақ жаңа көшкін қаупіне байланысты Нанай-роуд аймағы әлі де қатаң бақылауда.

Ал су тасқыны қайталануының алдын алу үшін жергілікті әкімшілік сорғылар орнатып, суды арнаға бұру жоспарын әзірлеп жатыр.

Сондай-ақ Ват Патонг храмында қауіпті аймақ тұрғындары үшін қажет жағдайда пайдалануға арналған уақытша орналастыру пункті ашылды.

Пхукетте жаңбыр жауа бере ме?

Таиландтың метеорологиялық департаменті елдің оңтүстігінде нөсер жаңбыр жалғасатынын ескертті. Жиналған су салдарынан жаңа тасқын, өзендердің арнасынан асуы және көшкін қаупі сақталып отыр.

Болжам бойынша, Андаман жағалауындағы нөсер 30 қазанға қарай басылады, алайда Пхукетте найзағайлы жаңбыр кем дегенде 3 қарашаға дейін созылуы мүмкін.

Билік тұрғындар мен туристерді ауа райы болжамы мен қауіп туралы ескертулерді қадағалап отыруға шақырады. Пхукетте қауіптің қызыл деңгейі жарияланды. Су басу және көшкін қаупі бар аудандарда қауіп сейілген жоқ.

Еске салсақ, қыркүйекте нөсер жаңбыр Бангкок пен Таиландтың басқа да ондаған провинциясында су тасқынына себеп болған еді. Ол кезде 40 адам қаза тауып, зардап шеккендер саны 50 мыңнан асқан. Сол уақытта Қазақстан СІМ зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ екенін хабарлады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью