Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Алматы гарнизонының әскери соты бағынушысына қатысты заңсыз әрекетке барған офицерге үкім шығарды. Сот оны қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деп танып, жаза тағайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: gamn.org
Іс материалдарына сәйкес, офицер А. бағынушысына физикалық күш қолданып, оны демалыс уақытында заңсыз жұмысқа тартқан. Ол өзінің қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланған.
Мемлекеттік айыптаушы соттан 3 жыл мерзімге бостандығын шектеуді сұраған. Ал қорғаушы тарап 1 жыл 6 ай мерзімге бостандығын шектеу жазасын тағайындауды өтінді. Сотталушы кінәсін толық мойындап, жәбірленушіге келтірілген материалдық және моральдық зиянды өтеуге дайын екенін мәлімдеді.
Жамбыл облысындағы сарбаз өлімі: Командирдің салғырттығы бойынша тергеу аяқталды
Жәбірленуші өз кезегінде айыпталушыны заңның барынша қатаңдығымен жазалауды және келтірілген шығынды толық өтеуді талап етті.
Сот кінәні мойындауды жеңілдететін мән-жай ретінде ескергенімен, әскери антты бұзуды ауырлататын жағдай деп таныды. Нәтижесінде офицер А. 2 жыл мерзімге бостандығын шектеу жазасына кесілді.
Сонымен қатар ол «аға лейтенант» әскери шенінен айырылып, жәбірленушінің пайдасына материалдық және моральдық өтемақы өндірілді.
Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Отардағы сарбаз оқиғасы: Әскери бөлімнің 4 лауазымды тұлғасы қызметінен босатылды
Соңғы жаңалықтар
Демалыста жұмысқа жеккен: Алматыда офицер бағынушысына күш қолданғаны үшін сотталды
Оқиға • Бүгін, 16:51
Мұраға қалған мүлікті қалай дұрыс рәсімдеу керек?
Қоғам • Бүгін, 16:40
Елордада самокаттардың тіркеу нөмірлерін автоматты түрде тану жүйесі енгізілмек
Елорда • Бүгін, 16:31
Әділет департаментінің түсіндірмесі: Сот актілерін қайта қарау туралы азаматтар нені білуі керек?
Заң • Бүгін, 16:18
Әлемдегі ең бақытты елдердің рейтингі жарияланды: Қазақстан нешінші орында тұр?
Қазақстан • Бүгін, 16:10
Ақтөбе облысында қайтарылған қаражат есебінен салынған әлеуметтік нысан пайдалануға берілді
Аймақтар • Бүгін, 15:51
Олжас Бектенов: Геологиялық барлау саласы отандық өнеркәсіптің стратегиялық негізіне айналды
Үкімет • Бүгін, 15:47
Петропавлдағы көпқабатты үйден өрт шықты: 13 адам эвакуацияланды
Қоғам • Бүгін, 15:35
Алматы зообағында туған жолбарыс күшіктері белсенді бола бастады
Табиғат • Бүгін, 15:30
Инфрақұрылымды жою қаупі: Трамп Иранға тағы да сес көрсетті
Әлем • Бүгін, 15:22
Елімізде орташа жалақы мөлшері қанша теңге?
Қаржы • Бүгін, 15:13
Ел тұрғындары табысының басым бөлігін азық-түлікке жұмсайды
Қоғам • Бүгін, 15:10
Алматыда дүнген этномәдени орталығы Тәуелсіздік құндылықтарын ұлықтады
Қазақстан • Бүгін, 14:54
Президент Шығыс Қазақстан облысының әкімін қабылдады
Президент • Бүгін, 14:48
Алматы облысында жол опырылды: Қозғалыс уақытша шектелді
Алматы • Бүгін, 14:30