Демографиялық өсім бәсекеге қабілетті ел болуға кепілдік бермейді Тоқаев

04.05.2026

Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің екінші отырысына қатысты. Мемлекет басшысы әлем технологиялық трансформацияның мүлдем жаңа кезеңіне қадам басқанына назар аударды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің екінші отырысына қатысты. Мемлекет басшысы әлем технологиялық трансформацияның мүлдем жаңа кезеңіне қадам басқанына назар аударды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы цифрландыру тиімділігін арттыру үшін өлшемді көрсеткіштер қажет екенін еске салды.

"Есепсіз немесе көзге көрінбейтін дүниені басқару қиын. Сондықтан Үкімет көп созбай, ведомстволар деңгейіндегі жағдайға базалық есеп жүргізетін жүйені қолданысқа енгізгені жөн. Бұған салғырт қарауға болмайды, жұмысты кешіктірмеу керек. Цифрландыру мен мемлекеттік жобалардың пайдасын жан-жақты зерделеу қажет. Үкімет Digital Qazaqstan стратегиясы аясында "ізашар жобаларды" іріктеп шығарды. Оларды мұқият сараптап, экономикаға тікелей әсерін анықтау керек. Жалпы, қай салада болсын, түпкі нәтижеге жету үшін әркім жеке жауапкершіліктен қашпауы қажет. Бізде басқа таңдау жоқ: не тиімді цифрлық экономика құрамыз, не өркениет көшінің соңында қаламыз. Басқаша айтқанда, "не боламыз, не бордай тозамыз", – деді Президент.


Мемлекет басшысының айтуынша, зияткерлік капиталды күшейтіп, еңбек өнімділігін арттырмаса, тек демографиялық өсім бәсекеге қабілетті ел болуға кепілдік бермейді.

"Кеңестің осыған дейінгі отырысында қабылданған шешімге сай биыл Орталық Азиядағы алғашқы Жасанды интеллект университеті ашылады. Шетелдік жоғары оқу орындарымен серіктестік құру арқылы іргелі және қолданбалы ғылымды дамытуды қолға алдық. Бірнеше жобаның тізімі жасалды. Олар барынша жедел таратылуға тиіс. Үкімет қысқа мерзім ішінде "ғылымнан нарыққа дейінгі" кезеңдерді түгел қамтитын тізбек жасауы керек. Алдымызда қолданбалы әзірлемелерді тез арада коммерцияландыру, салықтық ынталандыру және келешегінен көп үміт күттіретін жобаларды бірлесе қаржыландыру құралдары қарастырылған толыққанды венчурлық экожүйе қалыптастыру міндеті тұр", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, мұндай пәрменді тетік болмаса, ғылыми әлеуетіміз тек академиялық ортамен шектеліп қалады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью