Денис Евсеев жұптық сында Шымкенттегі турнирдің жартылай финалына шықты

23.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Қазақстандық теннисші молдовалық Раду Алботпен бірге ширек финалда түркиялық Эрги Киркин – босниялық Андрей Недичтің мысын басты.

Бірінші сет 6:4 есебімен Евсеев – Алботтың пайдасына жазылды. Екіншісінде түркиялық-босниялық жұп қарымта қайырды – 6:2. Дегенмен супер тай-брейкте Раду мен Денистің бағы жанды – 10:8. 

Бір сағат 18 минутқа созылған бәсекеде Евсеев – Албот 4 эйспен бірге 3 брейк-пойнттың екеуін құр жіберген жоқ. Киркин – Недич 2 эйс, 3 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге түсті.

Денис Евсеев – Раду Албот финалға өту үшін ресейлік Святослав Гулин – америкалық Дали Бланшпен шеберлік таластырады.

Д.Евсеев жекелей сында алғашқы айналымда дәл осы Д.Бланштан жеңіліп қалған болатын. Енді соның есесін қайтаратындай мүмкіндік туды.

Тағы бір қазақстандық, рейтингіде 82-орындағы Александр Шевченко Мадрид (Испания) мастерс турнирінің алғашқы айналымында әлемнің 38-ракеткасы, испаниялық Хауме Муньярға жол берді – 4:6, 1:6. 

Сол секілді рейтингіде 282-орындағы Михаил Кукушкин Кванджу (Оңтүстік Корея) челленджер додасында жарыс жолын аяқтады. Ол екінші айналымда әлемнің 129-ракеткасы, швейцариялық Леандро Риедиден аса алмады – 3:6, 2:6. Сөйтіп ширек финалдан тыс қалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Мадрид турнирінде Юлия Путинцеваның тартысты бәсекеде 19 жастағы теннисшіні жеңгенін жазған болатынбыз. 

Сондай-ақ Жібек Құламбаева жұптық сында Қытайдағы турнирдің жартылай финалына өтті.

Тимофей Скатов Шымкент турнирінің финалына шығу үшін таласады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью