Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Сурет: primeminister.kz
Кеңес барысында өңірлерде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес іске асып жатқан «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында аудандық ауруханаларға күрделі жөндеу жүргізу, реконструкциялау, денсаулық сақтау нысандарын салу, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу мәселелері қаралды.
Жобаларды уақтылы жүзеге асыру, күн тәртібіндегі мәселелерді шешу, халықты, әсіресе ауыл тұрғындарын заманауи әрі сапалы медициналық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды. Биыл жыл соңына дейін «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 32 аудандық ауруханада жаңғырту жұмыстарын аяқтау туралы тапсырма берілді.
Кейінгі үш жылда елімізде 813 денсаулық сақтау нысаны салынса, оның ішінде 655 нысан – «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында бой көтерген. Сонымен қатар республикалық маңызы бар нысандарды, өңірлердегі ірі медициналық нысандарды салу жобаларын іске асыру үзілген жоқ. Бүгінде республикада шамамен 50 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүріп жатыр.
Кеңес қорытындысында облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктеріне әрбір нысандағы түйткілді мәселелерді егжей-тегжейлі пысықтау, құрылыс жұмыстарын уақтылы аяқтау үшін қажетті шаралар қабылдау және жобалардың іске асу барысына тұрақты бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды.