Денсаулық сақтау министрлігі ата аналарға үндеу жасады балалар ең көп жарақатты қай жерде алады

07.07.2026

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарды жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігіне ерекше мұқият болуға шақырды. Ведомство мәліметінше, Астанадағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының балалар травматологиялық пунктіне түсетін өтініштердің шамамен әрбір екіншісі көшеде болған оқиғаларға байланысты. Балалар қандай жарақаттарды жиі алады - TengriHealth материалында.

"Көше жарақаттары"

Денсаулық сақтау министрлігі дерегінше, ақпаннан бері балалар травматологиялық пункті түрлі жарақат, сынық, буын шығуы және өзге де зақымдармен 6 740 балаға медициналық көмек көрсеткен.

Пациенттердің жалпы санының 4 042-сі (59,9 пайызы) - ұлдар, 2 698-і (40,1 пайызы) - қыздар.

Талдау бойынша, балалар жарақатының ең көп таралған себебі – көшедегі оқыс оқиғалар. Олар барлық жағдайдың 45,2 пайызы болады. Екінші орында тұрмыстық жарақаттар (29,2 пайыз), одан кейін спорттық жарақаттар (11,8 пайыз), мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдарда алған жарақаттар (10,5 пайыз), тірек-қимыл жүйесі аурулары (2,4 пайыз) және жол-көлік оқиғалары (0,7 пайыз) тұр.

Ең жиі кездесетін жарақаттар – соғылу мен созылу. Олар барлық жағдайдың жартысынан көбін құрайды. Ал сынықтар барлық жүгінулердің үштен біріне жуығын, ал буынның шығуы шамамен 11 пайыз.

Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға балалар жарақатының көбін алдын алуға болатынын еске салды. Ол үшін балаларды қараусыз қалдырмау, спортпен шұғылданғанда қорғаныс жабдықтарын кию, жол қозғалысы ережелерін сақтау және ойын мен демалыс үшін қауіпсіз жағдай жасау маңызды.

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ

“Сквиш сатып алып, ауруханадан бір-ақ шықтық“. Ата-аналарға танымал ойыншықтың қаупі ескертілді

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Денсаулық сақтау министрлігі

Балалар

жарақат

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью