Денсаулық сақтау министрлігіне ДДСҰ тізіміндегі дәрілерді тіркеу құзіреті беріледі

25.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

— Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тізіміндегі арзан әрі өмірлік маңызы бар көптеген дәрі рұқсат етілген дәрілер тізімінде жоқ. Неге? Өйткені, олар коммерциялық тұрғыдан Big Pharma компаниялары үшін тиімсіз. Себебі, олардың бағалары өте төмен. Ал бүгінде заңмен бекітілген тәртіпке сәйкес, дәрілерді тіркеу үшін фармацевтикалық компаниялар ғана өтінім беруі керек. Егер, компаниялардың мүдделеріне бұл сай келмейтін болса, ол арзан дәрі болса, лицензиялары, патенттері баяғыда жойылса, онда оған ешкім ұсыныс бермейді, — деді Мәжіліс депутаты.

Оның айтуынша, арзан әрі өмірлік маңызы бар бұл дәрілер еліміздің нарығында жоқ.

— Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігіне мұндай препараттарды дербес тіркеуге бастамашылық жасау құзіретін береміз. Егер бұл қажет дәрі болса, міндетті дәрі болса, оны Big Pharma ұсынысын күтпей-ақ Денсаулық сақтау министрлігінің өз тіркеуге мүмкіндігі болуы керек деп санаймыз, — деді Асхат Аймағамбетов.

Айта кетейік, осы заң жобасы аясында дәрілік заттарды тіркеу мерзімі 2 есе қысқарады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью