Денсаулыққа қауіпті жағдайларды көрсететін карта іске қосылды

27.03.2026

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Оның айтуынша, қазіргі таңда адамдардың жиі сапарлауы жұқпалы аурулардың шетелден әкеліну қаупін арттырып отыр. Осыған байланысты халықты дер кезінде ақпараттандыру және қауіптердің алдын алу мақсатында арнайы цифрлық құрал іске қосылған.

– Қазақстан азаматтары жиі баратын елдер бойынша жұқпалы аурулардың алдын алу жөнінде ұсынымдар әзірленді. Осы кеңестерді сақтау инфекция жұқтыру қаупін азайтып, олардың елге әкелінуінің алдын алуға мүмкіндік береді, – деді Эрик Байжүнісов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Saqbol онлайн-картасында ел ішіндегі және шетелдегі эпидемиологиялық жағдай, табиғи және климаттық ерекшеліктер, сондай-ақ техногендік қауіптер туралы мәліметтер жинақталған. Бұл пайдаланушыларға сапар алдында тәуекелдерді бағалап, қажетті сақтық шараларын қабылдауға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, елде жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында бірыңғай иммунопрофилактика орталығын құру жоспарланып, иммундау жүйесін цифрландыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью