Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. Қазақстандықтарға депозиттерден түсетін табысқа 5% салық салмайды, деп мәлімдеді Ұлттық экономика министрлігі.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде қазақстандықтар банк депозиттерінен түсетін табысқа 5% салық төлеуге міндетті болатыны туралы ақпарат пайда болды.
Министрлік жеке тұлғалардың депозиттеріне пайыздық салық салынбайтынын және үкіметтің мұндай салықты енгізуді жоспарлап отырмағанын хбарлады.