Депутат экс шенеуніктердің Дубайдағы мүлкіне құқықтық баға беруді талап етті

04.03.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров ел азаматтарының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі қымбат үйлеріне қатысты мәселені құқықтық тұрғыдан тексеруді сұрап, Бас прокуратураға ресми хат жолдауға ниетті. Әңгіме бұрынғы жоғары лауазымды тұлғалар мен олардың жақындарының иелігіндегі мүлік туралы болып отыр, деп жазады Egemen.kz

Бұл мәселе Таяу Шығыстағы соңғы шиеленіс кезінде Дубайдағы Fairmont The Palm тұрғын үй кешені маңына зымыран құлап, өрт шыққаннан кейін қайтадан қызу талқылана бастады. Әлеуметтік желілерде сол ауданда ел азаматтарының қымбат пәтерлері болуы мүмкін деген пікірлер тарады.

Дубайдағы Америка консулдығы отқа оранды

Журналистік зерттеулерге сүйенсек, аталған тұрғын үй кешеніндегі 97 пәтер Қазақстан азаматтарына тиесілі болуы ықтимал. Олардың арасында бұрынғы ықпалды шенеуніктердің туыстары мен жақындары болуы мүмкін деген болжам да айтылып жүр.

Мәжіліс кулуарында сөйлеген Ерлан Саиров бұл жағдайға құқықтық баға берілуі қажет деп санайтынын жеткізді.

«Мен Бас прокуратураның атына хат жолдармын. Олар бұл мәселеге құқықтық тұрғыдан баға берсін. Ал моральдық тұрғыдан қарасақ, бұл дұрыс емес. Бұл тіпті халыққа қатысты антигумандық әрекет», деді депутат.

Депутаттың пікірінше, егер мемлекеттік қызметте болған адамдардың немесе олардың жақындарының шетелде қымбат мүлік иеленгені анықталса, оның заңдылығы мен қаржы көздері мұқият тексерілуі керек. Сарапшылардың айтуынша, мұндай мәселелер қоғамдағы әділеттілік пен ашықтық талаптарын күшейту тұрғысынан да маңызды.

Соңғы жаңалықтар

«Хабар» мен 24KZ жаңа маусымда көрерменге қандай жобалар ұсынады?

Қоғам • Бүгін, 15:59

Депутат экс-шенеуніктердің Дубайдағы мүлкіне құқықтық баға беруді талап етті

Қоғам • Бүгін, 15:49

Енді көліктің техникалық паспортын Kaspi.kz арқылы ауыстыруға болады

Қоғам • Бүгін, 15:43

8 наурыз қарсаңында көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері қандай?

Мереке • Бүгін, 15:25

Көкшетауда жылына 300 мың тонна өсімдік майы өндірілмек

Өндіріс • Бүгін, 15:05

«Реал» тағы да бапкер ауыстырады

Футбол • Бүгін, 14:49

Қарағанды облысында жаңа Конституция жобасы Брайль қарпімен басылып шықты

Аймақтар • Бүгін, 14:40

Ормұз бұғазындағы шектеулер отандық ауыл шаруашылығына қалай есер етеді?

Саясат • Бүгін, 14:35

Тегін тамақтандыру: Мектептер онлайнға көшкенде кәсіпкерлердің шығынын кім өтейді?

Қоғам • Бүгін, 14:23

Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

Президент • Бүгін, 14:12

8 наурыз қарсаңында арзан бағада азық-түлікті қайдан сатып алуға болады?

Елорда • Бүгін, 13:44

«Бәйтерек» холдингі 300 млрд теңгеден асатын 144 жобаны мақұлдады

Үкімет • Бүгін, 13:24

АҚШ пен Эквадор әскері есірткі топтарына қарсы біріккен операцияны бастады

Әлем • Бүгін, 13:00

Ирандағы жағдай сауда қатынастарына қалай әсер етеді?

Сауда • Бүгін, 12:47

Азық-түлік неге қымбаттап жатыр? Серік Жұманғарин баға өсімінің себептерін атады

Қоғам • Бүгін, 12:35

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью