Депутат еліміздегі инвесторларға қолайлы қаланы атады

30.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Алматы облысында бой көтерген шаһар болашақта 2 миллионға жуық адам тұратын, технология мен инновацияға негізделген ірі орталыққа айналмақ.

— Alatau City — арнайы құқықтық режиммен жұмыс істейтін, инвесторларға қолайлы жағдай жасалған «ақылды қала». Мұнда көлік жүйесінен бастап, коммуналдық қызметтерге дейін заманауи жүйемен басқарылады, — деді депутат.

Спикердің сөзінше, қалада жаңа басқару форматы енгізіледі.

— Құжатқа сай, Алатаудағы ең жоғары басқару органы — Қала кеңесі болады. Ол шаһардың стратегиялық даму бағытын айқындап, мемлекеттік органдар жұмысын үйлестіреді. Кеңес құрамын Президент бекітеді, ал оған Премьер-министр төрағалық етеді. Негізгі атқарушы орган ретінде Әкімшілік құрылмақ. Ол мемлекеттік қор нысанындағы мемлекеттік орган ретінде жұмыс істейді. Әкімшілікке кәсіпкерлікті дамыту, инвестициялық жобаларды реттеу және инфрақұрылымдық өсімді үйлестіру құзыреті беріледі, — деп атап өтті Нұртай Сабильянов.

Заң жобасы Алатаудың өз актілерін қабылдауына жол ашады. Әңгіме инвестициялық қатынас, кәсіпкерлік, қала құрылысы және цифрлық әкімшілендіру салалары жөнінде болып отыр.

— Жаңа заң Алатауда бөлек экономикалық әрі басқару жүйесін қалыптастыруды көздейді. Қала енді өзіндік қаржы моделі, арнайы салықтық жағдайы және тың әкімшілік құрылымы бар дербес экожүйе ретінде қарастырылады. Бұл — болашақтың, жастардың қаласы, инвесторларға қолайлы өңір, — деді депутат.

Айта кетейік, Алатау қаласын дамытудың негізгі бағыттарының бірі — шағын авиацияны дамыту болмақ.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью