Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Оның сөзіне қарағанда, сарапшылар мен инженерлер және кәсіпорын өкілдерінен келген көптеген өтініштер құрылыс-жөндеу жұмыстарының қиындап бара жатқанын, білікті кадрлардың тапшылығын, сатып алуда жымысқылықтың басымдығын көрсетеді.
Сенатор соңғы жылдары электр қуаты нарығына 500 млрд теңгеден астам қаржы салған кезде одан алынған қуат шамамен 1%-ға ғана өскені өрескел жағдай екеніне назар аударды. Оның пікірінше, бұл қаржы жұмсау жүйесінің бұзылғанын және ондағы тиімсіздік көзге ұрып тұрғанын көрсетеді.
Сонымен қатар депуат жөндеу жұмыстары белгілі бір компанияларға атүсті істей салу мен пайда көзіне айналып бара жатқанын, ал жабдықтардың нақты жағдайы нашарлай беретінін атап өтті.
Сенатор атап өткендей, тендерлер көбінесе нақты бәсекелестіктің ауылынан алыс жүреді – келісімшарттар техникалық базасы мен мамандары жоқ делдалдарға тап болады, бұл жұмыс сапасын төмендетеді және білікті мамандарды нарықтан шығарады.
- Электр станцияларында іске қосу-реттеу және режимдік-реттеу жұмыстарының жағдайы ерекше алаңдатып отыр. Бұл қазандықтар, турбиналар және жылу желілерінің қауіпсіз әрі тұрақты жұмысына тікелей тәуелді болатын негізгі кезең. Алайда, Қазақстанда қызметтің бұл түрі іс жүзінде реттелмейді: біліктілікке қойылатын бірыңғай талаптар, лицензиялау және кадр даярлау жүйесі жоқ. Нәтижесінде, мамандардың бағалауы бойынша елімізде мұндай жұмыстарды тиісті деңгейде орындауға қабілетті 4-5 кәсіби инженерлік команда қалды, бұл мемлекеттің энергетикалық қауіпсіздігі үшін өте аз. Оның бәрі жөндеу сапасының төмендеуіне, апаттың өсуіне, жабдықтың тез тозуына, отын шығынының ұлғаюына, соның салдарынан электр және жылу энергиясының өзіндік құнының өсуіне әкеледі», - деді Бекбол Орынбасаров Сенаттың жалпы отырысында.
Сенатор осыған байланысты жағдайды жан-жақты талдауды, қаржыны игеру тиімділігін бағалауды ұсынды. Ол сондай-ақ тек бағаға ғана емес, біліктілік, тәжірибе және ресурстардың қолжетімділігіне назар аудара отырып, сатып алу жүйесін қайта қарау қажет деп санайды. Одан басқа, осындай жұмыстарға рұқсат беруге нақты талаптар енгізу мен маман даярлау және аттестаттау жүйесін жасау ұсынылды.
Айта кетейік, қазақстандық ғалымдар жаңа буындағы энергия жинақтауға арналған MXene наноматериалдарын зерттеп жатыр.