Депутат Ирандағы балалардың тағдырына алаңдаушылық білдірді

04.03.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Айна Мусралимова қақтығыс салдарынан зардап шегіп жатқан Ирандағы балалалардың тағдырына алаңдаушылық білдіріп, оған қатысушы тараптарды парасаттылық танытып, балалар мен аналардың амандығы үшін бейбіт келіссөздерді мүмкіндігінше тезірек бастауға шақырды, деп жазады Egemen.kz.

Фото: Kazpravda.kz/Әділбек Тәуекелов

28 ақпан күні Иранның Минаб қаласында мектепке жасалған соққы салдарынан 150-ден астам оқушы қыз қаза тапты. 95 адам жарақат алды. Айна Мусралимова қазақ халқы жантүршігерлік оқиғаны терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді. 

«Бұл жай ғана статистика емес. Сандардың артында үзілген өмір, отбасылардың күйреген тағдырлары, орындалмаған арман-үміттер тұр. Жүздеген отбасы бір сәтте сүйікті қыздарынан, әпке-қарындастарынан, немерелерінен айырылды. Қара полиэтилен қаптарға салынған кішкентай денелер туралы бейнежазбалар бүкіл әлемге тарады. Қаза тапқан балалардың туыстары трагедия орнынан олардың сөмкелері мен кітаптарын, жеке заттарын жинап жатқан сәттерді көз жассыз әрі мұндай қайғыға жол берген ересектер үшін ұят сезімінсіз көру мүмкін емес», деді депутат.

Ол балалардың қақтығыс кезінде қаза табуы халықаралық құқықтың іргелі қағидаттарының сақталмауын аңғартатынын тілге тиек етіп, Қазақстан әрдайым кез келген халықаралық қақтығысты бейбіт жолмен реттеуді қолдайтынын атап өтті. 

«Тегеран енді бұрынғыдай болмайды»: Израиль мен АҚШ Иранға соққы жасады

«Қазақстан әрқашан бейбітшілік, келісім және бақытты балалық шақ қағидаттарын ілгерілетеді. Біз зардап шеккен отбасыларға қайғыра көңіл айтып, барлық мәселенің тезірек шешілуіне үміт білдіреміз. Қайғыға қатысты қолдау сөздерін Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова және Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева білдірді. Әріптестерім бұл қасіретті жағдайға қатты күйзеліп, қақтығыс тараптарын келіссөздерге және бейбітшілікті қалпына келтіруге шақырды. Қазақстанды Иран, Израиль және АҚШ елдерімен ұзақ жылғы әріптестік тарихы байланыстырады. Қақтығысқа қатысушы тараптарды парасаттылық танытып, балалар мен аналардың, олардың өмірінің амандығы үшін бейбіт келіссөздерді мүмкіндігінше тезірек бастауға шақырамыз», деді Айна Мусралимова.

Соңғы жаңалықтар

«Хабар» мен 24KZ жаңа маусымда көрерменге қандай жобалар ұсынады?

Қоғам • Бүгін, 15:59

Депутат экс-шенеуніктердің Дубайдағы мүлкіне құқықтық баға беруді талап етті

Қоғам • Бүгін, 15:49

Енді көліктің техникалық паспортын Kaspi.kz арқылы ауыстыруға болады

Қоғам • Бүгін, 15:43

8 наурыз қарсаңында көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері қандай?

Мереке • Бүгін, 15:25

Көкшетауда жылына 300 мың тонна өсімдік майы өндірілмек

Өндіріс • Бүгін, 15:05

«Реал» тағы да бапкер ауыстырады

Футбол • Бүгін, 14:49

Қарағанды облысында жаңа Конституция жобасы Брайль қарпімен басылып шықты

Аймақтар • Бүгін, 14:40

Ормұз бұғазындағы шектеулер отандық ауыл шаруашылығына қалай есер етеді?

Саясат • Бүгін, 14:35

Тегін тамақтандыру: Мектептер онлайнға көшкенде кәсіпкерлердің шығынын кім өтейді?

Қоғам • Бүгін, 14:23

Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

Президент • Бүгін, 14:12

8 наурыз қарсаңында арзан бағада азық-түлікті қайдан сатып алуға болады?

Елорда • Бүгін, 13:44

«Бәйтерек» холдингі 300 млрд теңгеден асатын 144 жобаны мақұлдады

Үкімет • Бүгін, 13:24

АҚШ пен Эквадор әскері есірткі топтарына қарсы біріккен операцияны бастады

Әлем • Бүгін, 13:00

Ирандағы жағдай сауда қатынастарына қалай әсер етеді?

Сауда • Бүгін, 12:47

Азық-түлік неге қымбаттап жатыр? Серік Жұманғарин баға өсімінің себептерін атады

Қоғам • Бүгін, 12:35

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью