Депутат: Ішкі саясат туралы жарлықтың қоғам үшін маңызы зор

05.11.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Президент жарлығында айқындалған ішкі саясаттың негізгі қағидаттары қоғамның бүгінгі сұранысына толық сай келеді.

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев мәлімдеді. Оның айтуынша, құжатта «Естуші мемлекет» тұжырымдамасын нақты іске асырудың тетіктері көрсетілген. «Қоғам мен билік арасындағы ашық диалог – қазіргі мемлекеттік саясаттың басты бағыты. Бүгін қабылданған қаулы осы ұстанымды жүйелі түрде жүзеге асыруға жол ашады», – деді депутат.

Нартай Сәрсенғалиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Ішкі саясаттың қалай жұмыс істеу керегі жалпы ішкі саясат туралы қабылданған қаулы бұл өте маңызды деп білеміз. Өйткені міне тәуелсіздік алғанымызға 34 жыл толды. Дей тұрғанмен, ішкі саясаттың бағыт-бағдарын оның қалай жұмыс істейтінін және одан күтілетін нәтиженің қандай болатыны туралы ресми хатталған құжат болған жоқ. Ішкі саясат дегеніңіз – бұл тәуелсіздіктің, қоғамдық тұрақтылықтың, мемлекетшілдіктің ең басты қағидаттары бекітілген сала. Өйткені ішкі саясаттың ішінде діліңіз де, дініңіз де, тіліңіз де, қоғамдық диалог та, отбасы саясаты, жастар саясаты барлығы осы ішкі саясаттың ішіне келіп тұрақталады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью