Депутат: Қазақстанның агрохимия саласындағы импортқа тәуелділігі жылдан жылға артып келеді

14.05.2026

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескендіров Ауыл шаруашылығы кешені үшін минералды тыңайтқыштар өндірісінің маңыздылығына тоқталып, Үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдады. Депутат еліміздегі минералды тыңайтқыштар өндірісінің ақсап тұрғанын және шикізат бағасындағы теңсіздіктің салдарынан азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төніп тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәжіліс депутаты өз сауалында Мемлекет басшысының 2024 жылғы Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің форумында айтқан тапсырмаларын негізге алды. 

«Мемлекет басшысы отандық агросектордың өзекті мәселесі – минералды тыңайтқыштарды жеткілікті деңгейде қолданбау екенін атап өткен болатын. Отандық өндіріс сұраныстың тек жартысын ғана қамтамасыз етеді», деді депутат. 

Депутаттың мәліметінше, ішкі нарықтың минералды тыңайтқыштарға деген қажеттілігі жылына шамамен 2,3 млн тоннаны құрайды. Алайда отандық өндірушілер сұраныстың тек бір бөлігін ғана өтеп отыр.

«ҚазАзот» АҚ-ның өндірістік қуаты жылына 330 мың тонна болғанымен, ішкі нарыққа іс жүзінде жеткізілетін көлем 170 мың тоннамен шектеледі. Ал «Қазфосфат» ЖШС-ның қуаты 1 млн тонна аммофос өндіруге жетеді. Бірақ 2025 жылдың қорытындысы бойынша 748 мың тонна өндіріліп, оның тек 186 мың тоннасы ішкі нарыққа жіберілген, 500 мың тоннадан астамы экспортқа кеткен. 2026 жылдың бірінші тоқсанында ішкі нарыққа небәрі 27,8 мың тонна ғана сатылған», деп атап өтті депутат.

М. Ескендіров өндірістік-технологиялық факторлардың, соның ішінде сұраныстың маусымдық сипаты мен аммиак селитрасын сақтау мерзімінің шектеулілігі (6 айға дейін) өнімді жинақтауға мүмкіндік бермейтінін айтты. 

«Бұл минералды тыңайтқыштар импортының 2023 жылғы 552,3 мың тоннадан 2025 жылы 699,7 мың тоннаға дейін өсуіне әкелді. Импортқа тәуелділік жылдан жылға артып келеді. Бұл әлемдік бағаның әсерін күшейтіп, өнімнің қолжетімділігін төмендетеді. Мысалы, Ормуз бұғазының бір айға жабылуы әлемдік бағаны екі есеге – 300 доллардан 550 долларға дейін өсірді», деді ол.

Депутат Қазақстандағы тыңайтқыш қолдану деңгейін басқа елдермен салыстырып, статистикалық деректерді келтірді:

«Бір гектар егістікке себілетін тыңайтқыш мөлшері әлемде орташа есеппен 150-160 кг құраса, Қытай мен Вьетнамда 350-460 кг, Еуроодақта 140-180 кг, Беларусьте 180-200 кг, Өзбекстанда 200 кг. Ал Қазақстанда бұл көрсеткіш небәрі 25-35 кг деңгейінде қалып отыр. Бұл біздің ауыл шаруашылығының өнімділігіне кері әсер етеді».

Сондай-ақ Мұқаш Ескендіров шикізатқа (күкірт пен табиғи газға) қолжетімділіктің шектеулі екенін және бағадағы теңсіздікті өткір сынға алды.

«Тенгизшевройл күкіртті «Самұрық-Қазына» кәсіпорындарына 2031 жылға дейін жеңілдікпен (38-57 мың теңгеден) берсе, «Қазфосфат» пен «Еврохим-Қаратау» үшін баға 85-164 мың теңгені құрайды. Ішкі тұтынушылар үшін бірыңғай баға саясатын орнату қажет. Әйтпесе, импортқа тәуелділік пен шикізат тапшылығы азық-түлік қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді», деп түйіндеді депутат.

Депутаттық сауал аясында Үкіметтен мынадай жүйелі шаралар бойынша ақпарат сұралды:

Агрохимия саласын дамытудың мемлекеттік саясатын қалыптастыру; Отандық өндірушілерді стратегиялық шикізатпен (күкірт, газ) арнайы баға бойынша қамтамасыз ету; Жаңа өндіріс орындарын ашу және импортты алмастыру.

Соңғы жаңалықтар

Заңсыз көлік тізгіндеген жасөспірім TikTok-тан анықталған

Оқиға • Кеше

Францияда 1700-ден астам адам карантинге алынды: Хантавируспен байланысы бар ма?

Әлем • Кеше

14 мамырда бірқатар өңірлерде ауа райы күрт өзгереді

Ауа райы • Кеше

Қазақстанда Tesla Cybertruck базасындағы көліктер алғаш рет штабтық қызметтерге қолданылады

Технология • Кеше

Депутат: Солтүстік Аралды сақтау жобасын жеделдету қажет

Экология • Кеше

Ағза алмастыруға мұқтаждар саны артқан

Қоғам • Кеше

Астанада Әл-Фараби даңғылының бір бөлігі жыл соңына дейін жабылады

Елорда • Кеше

Шахмат үздіктері марапатталды

Шахмат • Кеше

Мемлекет басшысы Түркия Президентін қарсы алды

Президент • Кеше

Қазақстанда инфляция қарқыны баяулады

Инфляция • Кеше

Теңгенің нығаюына қандай факторлар әсер етті?

Қаржы • Кеше

Қазақстан ЕАЭО-дағы өнеркәсіп өсімі бойынша көшбасшылар қатарына енді

Экономика • Кеше

Алаяқтардың жаңа айласы: Apple-ден келген хат сізді тақырға отырғызуы мүмкін

Қоғам • Кеше

Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Қазақстан • Кеше

Ясауи іліміндегі рухани еркіндік

Таным • Кеше

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью