Депутат шетелдік гранттардың қай бағыттарға жұмсалып жатқанын көрсетуді талап етті

17.06.2026

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Фото: Мәжіліс

Бұған Мемлекеттік кірістер комитетінің шетелдік көздерден қаржыландыру алатын жеке және заңды тұлғалардың жаңартылған тізілімін жариялауы себеп болды. Онда алғаш рет қаржы алушылар ғана емес, бөлінген қаражат көлемі мен оның қайдан түскені туралы мәліметтер де көрсетілген.

Депутаттың айтуынша, 2025 жылдың екінші жартыжылдығында ғана Қазақстанға шетелдік көздерден 12 млрд теңгеден астам қаржы түскен.

«Аталған қаражаттың едәуір бөлігі өздерін құқық қорғау, медиа және сараптамалық ұйымдар ретінде таныстыратын, қоғамдық-саяси күн тәртібін қалыптастыруға қатысатын құрылымдарға бағытталған», деді Магеррамов.

Депутат: Неге әр өңірде жылдамдық режиміне әртүрлі тәсіл қолданылады?

Сонымен қатар депутат қолданыстағы тізілім шетелдік қаржыландыру туралы тек жалпы мәлімет беретінін айтты.

«Тізілімде тек қаржы көлемі мен бастапқы алушылар ғана көрсетілген. Алайда нақты қандай жобалар қаржыландырылғаны, қаржының қандай мақсатқа бөлінгені, қалай бөлінгені және түпкілікті орындаушылар туралы ақпарат жоқ. Соның салдарынан қоғам мен мемлекеттік институттар бұл қаражаттың қалай пайдаланылып жатқанын және шетелдік қаржыландыру есебінен қандай жобалар жүзеге асырылып жатқанын толық бағалай алмай отыр», делінген депутаттық сауалда.

Депутаттардың пікірінше, бұл қоғамға шетелдік гранттардың қай бағыттарға жұмсалып жатқанын және олардың қандай нәтиже беріп отырғанын жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді.

Осыған байланысты депутаттар Үкіметке шетелдік қаржыландыруды есепке алудың қолданыстағы жүйесін жетілдіру мүмкіндігін қарастырып, есептілікті кеңейтудің ықтимал тетіктері туралы ақпарат беруді ұсынды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитеті алғаш рет нақты сомалар мен шетелдік донорлар көрсетілген тізімді жариялаған болатын. Ведомство мәліметінше, Қазақстан азаматтары мен компаниялар 2025 жылдың екінші жарты жылдығында шетелден 12 млрд теңге қаражат алған. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью