Депутат: Солтүстік Аралды сақтау жобасын жеделдету қажет

13.05.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мархабат Жайымбетов Премьер-Министр Олжас Бектеновтің атына депутаттық сауал жолдап, Арал теңізін сақтау және су ресурстарын тиімді басқару мәселесін жедел шешу қажеттігін көтерді. Депутат бұл бағыттағы жұмыстар Мемлекет басшысының тұрақты назарында екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.

Сауалда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана саммитінде су ресурстарын басқару, цифрландыру және трансшекаралық өзендер бойынша келісілген саясат жүргізу жөнінде берген тапсырмаларына ерекше мән берілген. Депутаттың айтуынша, бұл – елдің болашағына бағытталған стратегиялық саясат.

Мархабат Жайымбетов өз сөзінде: «Арал мәселесі – тек табиғаттың емес, тұтас әлемнің болашағына тікелей әсер ететін ортақ жауапкершілік», деп атап өтті.

Оның айтуынша, Арал өңірінде соңғы жылдары бірқатар оң өзгеріс байқалады. Жол, су және әлеуметтік инфрақұрылым жаңарып, құрғаған теңіз табанында сексеуіл егу және мелиорациялық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Депутат бұл шараларды экожүйені қалпына келтіруге бағытталған маңызды қадам ретінде бағалады.

Сонымен бірге, ол өңірдегі түйткілдер әлі де өзекті екенін атап өтті. Осыған байланысты Аралды сақтау бағытында кешенді жұмыстар жалғасып жатқанын жеткізді. Атап айтқанда, 2002-2008 жылдары Дүниежүзілік банкпен бірлескен «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Солтүстік Аралды сақтау» жобасы аясында өзеннің өткізу қабілеті 350-ден 700 м³/с дейін артқан, теңіз көлемі 15,6-дан 27,1 км³ дейін ұлғайған, ал тұздылық 23-тен 12 г/л дейін төмендеген. Балық аулау көлемі де 400 тоннадан 8 мың тоннаға дейін артқан.

Депутат қазіргі таңда жобаның екінші кезеңі қарастырылып жатқанын айтты. Оның аясында Көкарал бөгетін Балтық жүйесі бойынша 42 м-ден 44 м-ге көтеру, дельта экожүйесін тұрақтандыру, дренаж суларын сулы-батпақты алқаптарға бұру және Қызылорда мен Түркістан облыстарындағы ирригациялық жүйелерді жаңғырту көзделген. Жоба құны 700 млрд теңгеден асады.

«Нәтижесінде Солтүстік Арал ауданы 3 151 км²-ден 3 913 км²-ге, су көлемі 27 км³-ден 34 км³-ге дейін артады», деді ол.

Депутаттың айтуынша, «AMANAT» партиясы Арал мәселесін тұрақты бақылауда ұстап, Жол картасы аясындағы жобалардың іске асуына ықпал етіп келеді.

Сауалда Үкімет басшысына бірқатар нақты ұсыныстар да жолданды. Нақты айтқанда, Солтүстік Аралды сақтау жобасының екінші кезеңін жеделдетіп, Көкарал бөгетін көтеру жобасын толық қаржыландырып аяқтау ұсынылды. Бұл арқылы теңізге жыл сайын кемінде 4 млрд текше метр су жеткізу және тұздылық деңгейін 10 промилледен асырмайтын тұрақты экожүйе қалыптастыру көзделеді.

Ирригациялық жүйелерді жаңғырту мен су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша мемлекетаралық үйлестіруді күшейту қажеттігі айтылды.

Трансшекаралық су келісімдерін нығайтып, Орталық Азия елдерімен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты кеңейту ұсынылды.

Құрғаған теңіз табанында сексеуіл мен тұзға төзімді өсімдіктерді көбейтіп, шаң-тұз таралуын азайту арқылы экологиялық қауіптерді төмендету мәселесі көтерілді.

Арал өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуын қолдау үшін балық шаруашылығын дамыту, су қоймаларын жаңғырту және алдағы уақытта Есіл – Торғай – Арал жобасын кезең-кезеңімен іске асыру қарастыру ұсынылды.

«Арал мәселесін күн тәртібінен түсірмей, стратегиялық жобаларға тұрақты қолдау көрсету қажет», деп түйіндеді депутат.

Соңғы жаңалықтар

Депутат: Солтүстік Аралды сақтау жобасын жеделдету қажет

Экология • Бүгін, 21:59

Ағза алмастыруға мұқтаждар саны артқан

Қоғам • Бүгін, 21:28

Астанада Әл-Фараби даңғылының бір бөлігі жыл соңына дейін жабылады

Елорда • Бүгін, 20:51

Шахмат үздіктері марапатталды

Шахмат • Бүгін, 20:26

Мемлекет басшысы Түркия Президентін қарсы алды

Президент • Бүгін, 19:50

Қазақстанда инфляция қарқыны баяулады

Инфляция • Бүгін, 19:34

Теңгенің нығаюына қандай факторлар әсер етті?

Қаржы • Бүгін, 18:59

Қазақстан ЕАЭО-дағы өнеркәсіп өсімі бойынша көшбасшылар қатарына енді

Экономика • Бүгін, 18:42

Алаяқтардың жаңа айласы: Apple-ден келген хат сізді тақырға отырғызуы мүмкін

Қоғам • Бүгін, 17:51

Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Қазақстан • Бүгін, 17:37

Ясауи іліміндегі рухани еркіндік

Таным • Бүгін, 17:35

Продюсерінен зорлық көрген жігіт оқиғасы: Полиция тексерісті бастады

Оқиға • Бүгін, 17:20

Қостанай облысында 2 адамның өліміне себеп болған жүргізуші сотталды

Аймақтар • Бүгін, 16:58

Онлайн құрбан шалуға арналған арнайы сайт іске қосылды

Қоғам • Бүгін, 16:35

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Парламент • Бүгін, 16:12

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью