Депутат: Туристік Қамқор қоры қазақстандықтарды Таяу Шығыстан эвакуациялауға сылбыр атсалысты

22.04.2026

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

- Эвакуацияланған 10 мыңнан астам азаматтың ішінде туристердің құқықтарын қорғауға жауапты және әрбір туристік жолдамадан міндетті аударымдар арқылы қаржыландырылатын «Туристік Қамқор» қоры тек 3 мың адамға қызмет көрсеткен. Салдарынан негізгі жүктеме мемлекет пен әуе компанияларына, басқа да бизнес нысандарына түсті. Халықаралық жағдай қазір де тұрақсыз екенін ескеріп, алдағы уақытта осындай өзара іс-қимылдың тетіктері мен хаттамаларын пысықтау маңызды деп санаймыз. Сондықтан атқарылған жұмыстардың ауқымы нақтылау үшін «Ақжол» фракциясы мына сұрақтар төңірегін ақпарат сұрайды, - деді ол.

Депутат осы эвакуациялау операциясына «Туристік Қамқор» қоры қандай рөлде қатысқаны белгісіз екенін айтады.

- Қазақстан азаматтарының қақтығысы аймағынан эвакуациялау операциясының жалпы құны қандай? Ол шығынның қанша бөлігі мемлекет есебінен өтелді? Жеке бизнес шығынның қанша бөлігін өз мойнына алды? Ол шығынның қаншасын мемлекет өтеп берді? «Туристік Қамқор» қоры эвакуация кезінде қандай қаржылық және ұйымдастырушылық рөл атқарды? - деді Серік Ерубаев.

Еске салсақ, наурыз айының басында Таяу Шығыста жағдай ушығып, 10 275 Қазақстан азаматы елге қайтарылған. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью