Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек атқарушылық жазбаларды рәсімдеу кезінде заң талаптарының өрескел бұзылып жатқанын мәлімдеп, кінәлі нотариустарды лицензиясынан айыру мәселесін көтерді. Бұл мәселе Республикалық нотариаттық палата төрағасы Олег Полумордвиновпен болған талқылау барысында айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: t.me/mazhilis_kz
Депутаттың айтуынша, кейбір нотариустар борыштың барын растайтын нақты дәлелсіз-ақ атқарушылық жазба рәсімдеп келген. Оның сөзінше, мұндай әрекеттер азаматтардың құқығын бұзады әрі заң талаптарына қайшы.
«Егер борышкер қарызды мойындамаса және мәселе даулы болса, нотариус атқарушылық жазба жасауға құқылы емес. Бұл жөнінде Бас прокуратура нақты ұстаным білдірді. Атқарушылық жазба тек даусыз талаптар бойынша ғана рәсімделуі керек», деді Бақытжан Базарбек.
Ол Бас прокуратураның ұсынысында аты аталған нотариустарға қатысты нақты шара қабылдауды талап етті. Депутат прокурорлық қадағалау актісі міндетті түрде орындалуы тиіс екенін еске салды.
«Прокуратура «қарастыру керек» деп отырған жоқ. «Лицензиядан айыру қажет» деп нақты көрсеткен. Сондықтан Әділет министрлігі тиісті шешім қабылдауға міндетті», деді депутат.
«900 мың теңге отбасыма жетпейді»: Депутат Бақытжан Базарбек ай сайынғы жалақы аздық ететінін айтты
Өз кезегінде Олег Полумордвинов заң бұзған нотариустар жауапкершіліктен құтылмайтынын айтты.
«Егер нотариус борышкердің қарызды мойындағанын растайтын құжатсыз атқарушылық жазба рәсімдесе, бұл – заңды тікелей бұзу. Мұндай жағдайда нотариус міндетті түрде жауап береді», деді О. Полумордвинов.
Палата төрағасының мәліметінше, Бас прокуратура анықтаған фактілер бойынша бірқатар нотариус лицензиясынан айырылған. Оның ішінде Алматы қаласында 6-7 нотариусқа қатысты шешім қабылданған.
Талқылау барысында атқарушылық жазбаларды рәсімдеу тәртібін күшейту және азаматтардың құқығын қорғау мәселесі негізгі назарда болды.
Бұған дейін, депутат Бақытжан Базарбек Platonus платформасының жекешеленіп кеткенін сынға алғаны мәлім.
Соңғы жаңалықтар
Танымды тереңдету – уақыт талабы
Саясат • Бүгін, 11:55
Шілдеден бастап ипотека алу қиындайды: Сарапшылар не дейді?
Ипотека • Бүгін, 11:50
Илон Масктың жаңа мақсаты: Марста 1 миллион адам тұратын колония құру
Әлем • Бүгін, 11:40
Қазақстан мен Макао экстрадиция туралы келісімге қол қойды
Саясат • Бүгін, 11:28
Қосшыдағы LRT құрылысына байланысты 2 мыңнан астам ағаш көшіріледі
Елорда • Бүгін, 11:23
21 мамыр – инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету маманы күні
Қоғам • Бүгін, 11:21
Meta компаниясы 8 мың қызметкерді жұмыстан шығарды
Технология • Бүгін, 11:05
Қазақстан логистикасы: елдің транзиттік әлеуеті қалай дамып жатыр?
Логистика • Бүгін, 10:52
Ақтөбеде екі күнде 1300-ден астам адам жол ережесін бұзған
Аймақтар • Бүгін, 10:50
Қарағандыдағы жатақханада 21 жастағы шетелдік студент көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 10:33
Елімізде балалар лагерьлеріне қандай талаптар енгізілді?
Білім • Бүгін, 10:18
Салық кодексіндегі өзгеріс: Конституциялық Сотқа жүгіну кезінде төленетін баж салығы жойылуы мүмкін
Парламент • Бүгін, 10:15
Қазақстанда 7 мыңнан астам адамды кене шақты
Оқиға • Бүгін, 10:14
Алматы әуежайындағы жанжал: Мас шетелдік анықтама бюросының әйнегін қиратты
Оқиға • Бүгін, 10:03
Аида Балаева: Мәдениет – халқымыздың ұлттық болмысының айқын көрінісі
Мәдениет • Бүгін, 09:52