Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Соның бір мысалы ретінде ол адвокатура мәртебесінің бекітілуіне тоқталды.
– Депутат болмай тұрып адвокатура саласында қызмет еттім. Адвокаттар арасында соңғы 20 жыл бойы бұл мәселе айтылып келе жатыр. Прокуратура мен адвокатура, яғни айыптау тарабы мен қорғау тарабы процестік тұрғыда тең болуы тиіс. Енді жаңа Конституция жобасына сай, адвокатура алғаш рет институт ретінде енгізіліп отыр, – деді ол.
Оның сөзінше, 1995 жылы қабылданған, қазіргі қолданыстағы Ата заңда прокуратураның барлық өкілеттігі көрсетілген.
– Осы уақытқа дейін қылмыстық және басқа да істерде адвокатура прокуратурамен тең дәрежеде бола алған жоқ. Әлемде көптеген дамыған елде алдымен адвокатура мен прокуратура конституциялық деңгейде теңестіріліп, одан кейін процестік нормалар өзара теңескен болатын. Жаңа Конституция жобасындағы негізгі жаңалықтардың бірі – адам құқықтары жоғары деңгейде қорғалуына кепілдік беретін институт ретінде адвокатураның конституциялық мәртебесі бекітілді, – деді депутат.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандағы конституциялық реформа елдің халықаралық беделіне де ықпал ететінін жазғанбыз.