Депутат және кәсіпорын иесі фермадағы 6 адамның қазасына қатысты пікір білдірді

20.07.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Павлодар облысындағы сүт фермасы аумағында алты адамның өмірін қиған қайғылы оқиғадан кейін кәсіпорын басшылығы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Стальмонтаж", "Ақтоғай-Агро" және Aqtogai Milk компанияларының бас директоры, Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Александр Терентьев Жоламан ауылындағы сүт фермасы аумағында кәсіпорынның алты жұмысшысы қаза тапқан қайғылы жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Тағы бір зардап шегуші Ақтоғай орталық аудандық ауруханасына жатқызылды, оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Aktogai Milk ЖШС басшылығы мен ұжымы қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады", - деп жазды Александр Терентьев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сондай-ақ ол кәсіпорын қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті көмек пен қолдау көрсететінін хабарлады.

"Болған оқиға бойынша құзыретті мемлекеттік органдар тергеу жүргізіп жатыр. Aktogai Milk ЖШС тергеу амалдарына толық қолғабыс көрсетіп, тергеу қорытындысы бойынша барлық қажетті іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді", - деді Александр Терентьев.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға Павлодар облысындағы ірі жергілікті сүт кәсіпорындары бірінің аумағында болған. Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы мәліметінше, шақырту 20 шілдеде сағат 12:01-де түскен.

"Оқиға орнында жедел жәрдем дәрігерлері 1963, 1975, 1983, 1998, 2006 және 2009 жылдары туған алты ер адамның қаза болғанын растады", - деп хабарлады бұған дейін Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы.

Тағы бір зардап шеккен 38 жастағы ер адам қазір Ақтоғай аудандық ауруханасында жатыр.

Адам өлімі фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Аймақтық полиция департаментінің баспасөз қызметі Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайтынын атап өтті.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью