Депутаттар елордадағы госпитальді аралады

05.01.2026

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Елордадағы клиникалық госпитальда жыл сайын 3 мыңнан астам ардагер мен оларға теңестірілген азаматтар ем алады.

Олар терапевт пен өзге де дәрігерлердің қабылдауында болып, диагностикадан өтеді. Ардагерлерге арналған госпиталь Астана мен Алматы қалаларында ғана бар. Бүгін Мәжіліс депутаттары  Астанадағы мекеме ұжымымен кездесу өткізді. Онда аға буын өкілдеріне ұсынылатын медициналық қызмет сапасы сөз болды. Сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Госпиталь Ұлы отан соғысы, ауған соғысы ардагерлеріне, оларға теңестірілген азаматтарға және Чернобыль апатынан және Семей полигонынан зардап шеккен азаматтарға қызмет көрсетеді. Ал өңірлердегі ардагерлер арнайы квотамен бас қалаға жіберіледі. Айта кетейік, Мәжіліс депутаттары 5 мен 13 қаңтар аралығында өңірлерді аралап, халықпен және еңбек ұжымдарымен кездеседі.

Самат Нұртаза, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Ертеңнен  бастап тағы басқа ұйымдарға барамыз. Ол мектептер, ауруханалар. Бүгін осы жерден бастадық. Қаланың қақ ортасынан. Жалпы енді жаман есем. Көрсеткіш жақсы. Біз енді жай ғана кездеспейміз ғой сөйлесу үшін. біз керісінде осы азаматтардың мұң мұқтажын жинап алып, осы жүргенде бәріміз 13 күні келгенде, әр депутат өзінің алып келген мұң мұқтажды, уәжді жоғары мімберден айтады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью