Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Қазақстанның болашақ Парламенті - Құрылтай депутаттарының іс-әрекеті бұдан былай қатаң бақыланады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Айдос Сарым мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қазақстанның болашақ Парламенті - Құрылтай депутаттарының іс-әрекеті бұдан былай қатаң бақыланады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Айдос Сарым мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар "Құрылтай және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Талқылау барысында Мәжіліс депутаты Асхат Рахымжанов әріптесі Айдос Сарымнан заң жобасындағы жаңашылдық - депутаттық әдеп жөніндегі кеңестің қалай жұмыс істейтінін сұрады. Рахымжановтың сөзінше, бұл кеңес "депутат әдеп қағидаларын бұзған жағдайда, оған жаза қолдану туралы ұсыныстар әзірлеуі" тиіс.
"Кеңестің жұмыс тәртібі қандай болады, оған кім төрағалық етеді және құрамына кімдер кіреді? Қалай ойлайсыз, депутаттық әдеп бойынша бөлек ережелер немесе кодекс қабылдау қажет пе?", - деп сұрады Рахымжанов.
Айдос Сарым депутаттық әдеп мәселелері алғаш рет Конституциялық заң деңгейіне көтеріліп отырғанын айтты.
"Бұл - жаңа саяси және парламенттік мәдениетті қалыптастыратын өте маңызды институт. Осы шақырылымда жұмысын бастаған Мәжілістің әдеп жөніндегі комиссиясы пәрменді органға айналғанын ерекше атап өткім келеді. Жасыратыны жоқ, көптеген әріптесіміз осы комиссияның талқылауынан өтіп үлгерді. Қазіргі таңда бұл комиссия төрағадан және палата сайлайтын әрбір депутаттық фракция мүшелерінен тұрады. Болашақта регламентте осы тәртіпті сақтап қалуға болады деп есептеймін. Барлық мәселені жаңа Құрылтай регламентінде егжей-тегжейлі жазу керек", - деді депутат.
Еске сала кетейік: 8 мамырда Парламент депутаттары бірлескен отырыста жаңа заңды бірінші оқылымда мақұлдады, ол Құрылтайдың - жаңа бірпалаталы Парламенттің жұмысын реттейді.
Құрылтай заң шығару билігін жүзеге асыратын жоғары өкілді органға айналады және Қазақстанның жария билігінің конституциялық жүйесіне енеді.
ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР
Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне ресми түрде қосылу рәсімі Астанада өтуі мүмкін
27 сәуір 20:44 1
Медалін шешуді ұмытып кеткен қазақстандық спортшы әуежайда қызық жағдайға тап болды
29 сәуір 08:10 1
Министр Қазақстандағы курьерлер мен такси жүргізушілері үшін алаңдатарлық болжам айтты
27 сәуір 18:41 1
Заң жобасына сәйкес, бірпалаталы Құрылтай пропорционалды жүйе бойынша бес жыл мерзімге сайланатын 145 депутаттан тұрады.