Дербес деректерге қол жеткізу сервисі енді қалай жұмыс істейді

13.03.2026

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Атап айтқанда, «дербес деректер» ұғымының анықтамасы нақтыланды. Енді оған электрондық, қағаз немесе өзге де материалдық тасымалдағышта тіркелген, нақты немесе анықталатын тұлғаға қатысты деректер, соның ішінде биометриялық деректер де кіреді.

Сонымен қатар бұйрықпен «дербес деректерді автоматтандырылған өңдеу» деген жаңа ұғым енгізілді. Ол меншік иесі, оператор немесе үшінші тұлғалардың қатысуынсыз ақпараттандыру объектілері арқылы жүзеге асырылатын деректерді өңдеу процесі.

Қағидаларға сәйкес мемлекеттік сервис мынадай негізгі процестерді автоматтандыру кезінде қолданылады:

— дербес деректерге қол жеткізу кезінде меншік иелері, операторлар және үшінші тұлғалардың деректер субъектісімен және уәкілетті органмен ақпараттық өзара іс-қимылы;

— деректер субъектісінің немесе оның заңды өкілінің деректерді жинауға және өңдеуге келісім беруі немесе одан бас тартуы;

— субъектінің бұрын берген келісімін кері қайтарып алуы;

— дербес деректермен жасалатын әрекеттер туралы субъектіні хабардар ету (қол жеткізу, қарау, өзгерту, толықтыру, беру, бұғаттау немесе жою);

— деректер субъектісіне оның деректерін жинауға немесе өңдеуге келісімі бар операторлар мен меншік иелері туралы ақпарат ұсыну.

Сондай-ақ құжатта дербес деректерге қол жеткізудің бірнеше механизмі айқындалған. Олардың қатарында проактивті қызметтерді көрсету кезінде сауал/жауап алмасу арқылы қол жеткізу, келісімсіз қол жеткізу жағдайында протоколдау режимі, сондай-ақ SMS-хабарламалар арқылы келісім алу тәртібі бар. 

Айта кетелік Үкімет жеке деректерді қорғау талабын жаңартатын құжатты бекіткен еді

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью