Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Премьер-министр Олжас Бектенов биыл өңірлер жылыту маусымына дайын болмаған жағдайда облыс әкімдеріне жауапкершілік жүктелетінін ескертті. Бұл туралы ол үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Премьер-министр Олжас Бектенов биыл өңірлер жылыту маусымына дайын болмаған жағдайда облыс әкімдеріне жауапкершілік жүктелетінін ескертті. Бұл туралы ол үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бүгін үкіметте 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық мәселесі талқыланды. Бектеновтің айтуынша, энергия көздері мен желілерінің жабдықтарын жөндеу және ауыстыру үшін резервтен 25 миллиард теңгеден астам қаражат бөлу мақұлданды.
"Бұл қаражат Жетісу, Абай, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарындағы жылу көздерін жөндеу мен салуға, сондай-ақ төрт өңірдегі шамамен 30 шақырым жылу желісін жөндеуге бағытталған", - деді министрлер кабинетінің басшысы.
Премьер-министр бұл қаражаттың жұмсалу тиімділігі мен нәтижесін бақылау қажеттігін айтты.
"Қазірдің өзінде кей өңірлерде жұмыстардың кешіктірілу қаупі байқалады. Егер күзде өңірлердегі энергия нысандары дайындық паспортын алмаса, олардың әкімдері дербес жауапты болады", - деп ескертті Олжас Бектенов.
Премьер-министр келесі жылыту маусымына сапалы дайындықты қамтамасыз етуді өңірлер үшін негізгі міндет ретінде атап өтті.
"Жылу желілерін сынақтан өткізуді уақтылы әрі сапалы жүргізу қажет. Созып жүретін уақыт жоқ. Барлық жұмыс белгіленген мерзімде және толық көлемде орындалуы тиіс. Жаз бойы күшейтілген режимде жұмыс істеу керек", - деді ол.
Өңір әкімдіктеріне екі апта мерзімде барлық конкурстық процедураларды өткізіп, жөндеу жұмыстарына кірісу тапсырылды.
"Мұнда ешқандай артық бюрократия болмауы тиіс. Жылумен жабдықтау нысандарын жөндеу жұмыстары тамыз айының соңынан кешіктірілмей аяқталуы керек", - деп қосты Олжас Бектенов.
Премьер Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне, өңір әкімдіктеріне 1 қыркүйекке дейін білім беру және денсаулық сақтау нысандарының толық дайындығын қамтамасыз етуді тапсырды. Солтүстік, орталық және шығыс өңірлердегі барлық инженерлік инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандары 15 қыркүйекке дейін, ал қалған өңірлерде 15 қазанға дейін іске қосуға толық дайын болуы тиіс.
ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР
Министр Қазақстандағы курьерлер мен такси жүргізушілері үшін алаңдатарлық болжам айтты
27 сәуір 18:41 1
Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов өмірден өтті
19 сәуір 22:47 1
Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне ресми түрде қосылу рәсімі Астанада өтуі мүмкін
27 сәуір 20:44 1
Энергетика министрлігіне Көлік министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, 1 қыркүйекке дейін жылу көздері мен тұйықтарда отын қорын алдын ала жинақтауды қамтамасыз ету тапсырылды.
"Әкімдерге нысандарды үнемі аралап, жағдайды жеке бақылауда ұстауды тапсырамын", - деп түйіндеді үкімет басшысы.
Қазақстандықтар жылыту маусымы кезіндегі энергетикалық нысандарда болған ірі апаттарды әлі ұмыта қойған жоқ. Екібастұз, Степногорск, Теміртау, Саран және басқа да қалалардың тұрғындары сарышұнақ аязда жылусыз қалған болатын. Бірқатар төтенше жағдайдан кейін Қазақстанда жылыту маусымына дайындық және ЖЭО мен жылу желілерін жөндеу жұмыстары күшейтілді. Соған қарамастан, кей өңірлер қысқа уақтылы әрі сапасыз дайындалғаны үшін әлі де сынға алынып келеді.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу