Дерек пен дәйек

15.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Егер 114-минутта қақпаның қақ алдында тұрған Хаминтон Кампас нысананы дәл көздегенде жағдай мүлде басқаша болатын еді. Соған күйінген колумбиялық жанкүйерлер қазіргі кезде футболшы мен оның отбасы мүшелеріне қайта-қайта қоңырау шалып, жан-жақтан қоқан-лоқы көрсетіп жатыр. Хаминтонның өзі еліне қайтуға жүрексініп жүр. Өйткені осыдан 32 жыл бұрын болған қанды оқиға оның есінде. 1994 жылғы әлем чемпионатының плей-офф сайысында өз қақпасына гол соққан қорғаушы Андреас Эскобар Колумбияға оралған бетте қылмыскерлер оны атып өлтірді. Кампас та «дәл сондай оқиғаға душар боламын», деп қорқып жүрген көрінеді. Франция мен Парагвай құрамалары арасында өткен 1/8 финалдағы кездесуде оңтүстікамерикалықтар ереже бұзып қана қоймай, дөрекіліктің сан алуан түрін көрсетті. Олар қарсы жақтың ойыншыларын тірсектен тепті, шалып құлатты, қасақана қол көтерді, жерге жығып алып балағаттады... Осы эпизодтардың барлығы да бас қазы Ильгиз Танташевтың назарынан тыс қалды. Өзбек төрешісі парагвайлықтарға бірде-бір ескерту жасамады. Ал француздар керсінше, үш сары қағаз алды. Төрешінің осалдығынан қызуқанды жігіттер бір-біріне жұдырықтарын ала жүргіріп, оның ақыры төбелеске ұласа жаздады. Тіптен, екінші кезең бел ортадан асқан тұста айып алаңына екпіндеп енген Дэзире Дуэні жан-жағынан қаумалаған қорғаушылар етпетінен құлатты. Дәл сол маңда тұрған Танташев соны да көрмеді. Тек көмекшілері құлағына сыбырлағаннан кейін ғана ол ВАР-ға жүгініп, ақыры пенальти белгіледі. Қазір барлығы да Ташташевты жерден алып, жерге салуда. 1954 жылы Будапештің «Гонвед», 2014 жылы Мюнхеннің «Бавария» және 2018 жылы Париждің ПСЖ клубтарының ойыншылары бір мундиальда 18 голдан соққан еді. Биыл сол рекорд жаңарды. Солтүстік Америка құрлығында өтіп жатқан жарыста Мадридтің «Реалының» ойыншылары 19 мәрте мергендік танытты. Бұл голдардың авторлары – Килиан Мбаппе (Франция) – 8 Джуд Беллингем (Англия) – 6, Винисиус Жуниор (Бразилия) – 4 және Арда Гюлер (Түркия) – 1. Осыған дейін біз бір әлем чемпионаты барысында бес рет нәтижелі пас берген франциялық Майкл Олисенің аргентиналық Диего Марадонаның (6 пас) 56 жыл бұрынғы көрсеткішін жақсартуға жақсы мүмкіндігі бар екенін жазған едік. Әзірге ондай ерлік Олисенің қолынан келер емес. Ал Швейцарияға қарсы өткен кездесудің ширек финалында Аргенинаның серкесі Лионель Месси аталған жарыс тарихындағы 10-ыншы ассистін жасады. Бұл – Аргентина арланының кезекті рекорды! Дүниежүзілік доп додасындағы Испания құрамасының «құрғақ» ойыны 649 минутқа созылды. Соңғы рет 2022 жылы Қатарда өткен жарыста Жапонияның футболшылары олардың қақпасынан саңлау тапқан еді. Содан кейін испандықтар ұзаққа дейін гол жібермеді. Ал күні кеше ғана Бельгия құрамасына қарсы өткен ширек финалдық сайыстың 41-минутында Шарль Де Кетеларенің тепкен добына Унай Симон тосқауыл қоя алмады. Сонымен қатар Пиреней түбегі түлектері қатарынан 36 бәсекеде жеңілістің не екенін білмей келеді. Соңғы рет «Қызыл фурия» 2024 жылдың 22 нау­рызында Колумбияға қарсы өткен жолдастық кездесуде 0:1 есебімен ұтылды. Сол кезден бері олар 27 рет жеңіске жетіп, 9 ойынды тең аяқтады. Ал бұл көрсеткіш бойынша рекорд әлі де Италияға тиесілі. «Скуадра Адзурра» 2018-2021 жылдар аралығында 37 матчта (28 жеңіс, 9 тең ойын) ешкімге есе жіберген жоқ. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью