Десантшы барлаушыларды қалай даярлайды

26.01.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Аталған оқу-жаттығу орталығы мерзімді қызметтегі және келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді кешенді даярлауға арналған заманауи инфрақұрылыммен жабдықталған. Сабақтар қауіпсіздік талаптарына сай, ұрыс жағдайына барынша келтіріліп ұйымдастырылған.

Фото: Қорғаныс министрлігі

«Қалқан» лақап атты майордың айтуынша, барлаушыларды даярлау барысында тәжірибелік дайындыққа басымдық беріледі. 

Фото: Қорғаныс министрлігі

Далалық жорықтар жауынгерлік және тактикалық-арнайы дайындық дағдыларын пысықтауға, бөлімше құрамында әрекет етуге және күрделі жағдайда жедел шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Фото: Қорғаныс министрлігі

Жиын аясында десантшылар базалық лагерьлерді орналастыру ережесін меңгеріп, байланыс құралдарының әр түрін, миналау-жару ісінің элементтерін, тактикалық медицинаны және ұшқышсыз ұшатын құрылғыларды басқаруды үйренуде. Одан өзге автомат, тапанша, пулемет және Драгунов мергендік винтовкасынан оқ ату жаттығулары өткізіледі. Әскери қызметшілер қарауылдарды жасырын түрде жою тәсілдерін, пышақ пен сапер күрегін лақтыру әдістерін де пысықтамақ.

Фото: Қорғаныс министрлігі

Барлау бөлімшелері бүркемеленген бақылау орындарынан бақылау жүргізуге, топ құрамында әрекет етуге, шартты қарсыласты күшпен ұстауға, жергілікті жерді бағдарлауға, траншеяда және ойлы-қырлы жерде ұрыс жүргізуге жаттығады.

Фото: Қорғаныс министрлігі

Жеке құрамның тағылымдамасына және кәсіби өсуіне ерекше назар аударылып отыр. 

Күзде әскерге алынған сарбаздар арасында үздік нәтижелер көрсеткен әскери қызметшілер де бар. Солардың бірі — Нөгербек Тәтімбек. Ол небәрі үш ай қызмет еткеннен кейін кіші сержант атағын алып, бөлімше командирі болып тағайындалды.

Фото: Қорғаныс министрлігі

Сарбаздың сөзінше, далалық жағдайдағы сабақтар барлаушы қызметінің мәнін терең түсінуге мүмкіндік беріп, жауапкершілік пен жауынгерлік рухты қалыптастырады.
Кіші сержант Тәтімбек жоғары оқу орнын «кеден ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Ағасының кеңесімен ол өз қалауымен Десанттық-шабуылдау әскерлерінде қызмет етуді таңдаған. Әскери қызметші киокушинкай каратэден қара белбеу иегері, 2024 жылғы әлем чемпионы. Болашақта келісімшарт негізінде қызметін жалғастыруды жоспарлап отыр.

Фото: Қорғаныс министрлігі

Далалық жиындар бөлімшелердің жауынгерлік әзірлігін арттыруға, жеке құрамның моральдық-психологиялық ахуалын нығайтуға және барлаушылардың кәсіби құзыретін дамытуға ықпал етері анық. 

Айта кетелік Оқу-ағарту мен Қорғаныс министрлігі оқушыларға арналған бірлескен әскери жиындар өткізетіні туралы жазған едік

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью