Дешамға бәрін айтып қойдым : Килиан Мбаппе жанкүйерлеріне үндеу жасады

30.07.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Фото: Getty Images

Футболшы құраманың мундиальда басты мақсатқа жете алмағанына өкініш білдіріп, бұл сәттің өзі үшін ауыр болғанын жасырмады.

«Біз Әлем кубогін елге алып қайтқан жоқпыз. Бұл ауыр тигенін жасыра алмаймын. Алтын бутсы алғанымды мақтан етемін, бірақ ол жүлденің Әлем кубогінің жанында тұрғанын қалар едім. Біз әрқашан оқиғаның қалай аяқталатынын таңдай алмаймыз. Бірақ біз оған қандай күш-жігер салатынымызды өзіміз шешеміз. Біз барымызды салдық, соны мақтан тұтамыз», деді Мбаппе.

Мбаппеге тіл тигізген Парагвай сенаторы бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Француз шабуылшысы бұл марапаттың бүкіл команданың еңбегі екенін айтып, әріптестеріне, бас бапкер Дидье Дешам бастаған жаттықтырушылар штабына, медицина қызметкерлеріне және құраманың барлық қызметкеріне алғыс білдірді.

«Дидье Дешамға айтар сөзімді айтып қойдым. Ол бәрін біледі. Оған, оның штабына, физиотерапевтерге, аспаздарға, жүргізушілерге және көзге көрінбей еңбек еткен барлық жанға рақмет. Сондай-ақ АҚШ-та бізді жылы қарсы алып, қолдаған барша адамға алғыс білдіремін», деп атап өтті Франция құрамасының капитаны.

Франция құрамасын Зинедин Зидан жаттықтырады

Мбаппе сөз соңында футболдың адамдарды біріктіретін ерекше күш екенін айтып, бұл Әлем чемпионаты аяқталғанымен, Франция құрамасының әлем чемпионатындағы жорығы жалғасатынын жеткізді.

«Бұл турнир аяқталды. Бірақ біздің ортақ сапарымыз әлі аяқталған жоқ», деп түйіндеді футболшы.

Еске сала кетейік, биылғы мундиальда Испания құрамасы жеңімпаз атанып, тарихында екінші рет әлем чемпионы болды. Бұған дейін испандықтар әлем біріншілігінде 2010 жылы Оңтүстік Африка Республикасында өткен турнирде жеңіске жеткен еді. Турнир қорытындысы бойынша Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе әлем чемпионаттары тарихындағы үздік сұрмерген атанды. Ол қатарынан қос әлем біріншілігінде сұрмерген атанған алғашқы ойыншы ретінде тарихқа енді. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью