Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Ойын күнін Александр Бублик пен Уго Нис арасындағы кездесу ашты. Матч қазақстандық теннисшінің айқын басымдығымен – 6:0, 6:3 есебімен аяқталды.
Одан кейін кортқа Александр Шевченко шықты. Ол қарсылас құраманың көшбасшысы, әлемнің 27-ракеткасы Валантен Вашромен шеберлік байқасты. Бұл жолы жеңіс Валантенге бұйырды, ол 6:0, 6:3 есебімен ұтты.
Еске салайық, ертең, 7 ақпанда, ойын күні жұптық кездесумен басталады: Александр Бублик / Бейбіт Жұқаев жұбы Роман Арнеодо / Уго Нис дуэтіне қарсы ойнайды.
Бұдан кейін тағы екі жекелей матч жоспарланған: Александр Бублик — Валантен Вашро, Александр Шевченко — Уго Нис.