Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Кортта Александр Бублик — Бейбіт Жұқаев жұптық сында Роман Арнеодо — Уго Ниспен шеберлік байқасты.
Фото: Виктор Федюнин / KazinformТартысты өткен бәсекеде бірінші партияда тай-брейкте қазақстандық жұп басымдылық көрсетті — 7:6 (7:1).
Фото: Виктор Федюнин / KazinformЕкіншісінде монаколық дуэт есе қайырды — 7:6 (8:6).
Фото: Виктор Федюнин / KazinformҮшінші, шешуші сетте монаколықтар жеңісті жұлып алды — 7:6 (7:5).
Ойын 2 сағат 52 минутқа созылды.
Фото: Виктор Федюнин / KazinformОсылайша, Монако құрамасы алға шықты — 2:1.
Фото: Виктор Федюнин / KazinformСонымен қатар бүгін жекелей сында Александр Бублик — Валантен Вашро және Александр Шевченко — Уго Нис кездесулері жоспарланған.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дэвис кубогында Александр Бубликтің қарсыласын айқын басымдылықпен ұтқанын жазған едік.
Сондай-ақ Қазақстан мен Монако матчында таразы басы теңесті.
Әмір Омарханов Тунистегі жарыстың жартылай финалына өтті.