Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Оның мәлімдеуінше, командада достық қарым-қатынас орныққан.
Фото: ҚТФ– Барлық теннисші де кәсіпқой, сондықтан олар алға қойған міндетті жақсы түсініп отыр. Біз өз алаңымызда ойнаймыз, сол себепті жанкүйерлер, әсіресе, Аустралиядағы спортшыларымыздың табысынан кейін жоғары нәтиже күтеді. Әрине, бұл қосымша қысым болмақ. Дегенмен жігіттер мұны спорттың бір бөлігі деп қарайды. Бұдан өту үшін күш-қуатты дұрыс бағытқа жұмсай білу керек, - деді Диас Досқараев.
Монако құрамасының капитаны Гийом Куйяр қазақстандық команданың фаворит екенін жақсы түсінеді.
– Ауа райы мен кортқа бейімделу үшін Астанаға ертерек келдік. Қазақстан құрамасының барлық мүшесі тәжірибелі ойыншылардан жасақталған. Бізге жеңіс үшін ойнау қажет. Теннисшілерім не істеу керектігін біледі. Қазақстан командасының барлық ойыншымен жақсы таныспыз. Сондықтан командалық әлем чемпионатының келесі кезеңіне өту үшін ең жоғары нәтижеге жетуге тырысамыз, - деді Гийом Куйяр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дэвис кубогында Қазақстан мен Монако құрамында кімдер ойнайтынын жазған едік.
Сондай-ақ Елена Рыбакина эйс саны бойынша көш бастады.
18 жастағы Әмір Омарханов Тунистегі турнирде қарсыласын камбэкпен жеңді.