Диагнозын білсем де, балалы болатынымызға сендім... : танымал блогердің жұбайы жан сырын ақтарды

03.04.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Блогер Елдос Қадырхановтың жұбайы Таңшолпан Шотаева “Мамский әңгіме” подкастына қазіргі өмірі жайлы сұхбат берді, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол күйеуінің диагнозын білсе де, балалы болудан үмітін ешқашан үзбегенін айтты.

“Менде үміт болды. Ол маған диагнозы туралы басында айтқан кезде жас қызбын, ол тақырып туралы онша білмеймін. “Қазір медицина дамыған, қорқатын ештеңе жоқ, ЭКО деген нәрсе бар, болады” дедім. Неге екенін білмеймін, бірақ мен сендім. Мен ол адамға бала үшін тұрмысқа шықпаймын ғой. Өзім сүйдім. Адам сүйгеннен кейін бәріне дайын болу керек деп ойлаймын. Оның баласы болмайды екен деп, бұрылып басқа адамға кетпеймін. Соңына дейін бірге барамыз деп қол ұстастым”, — дейді ол.

Ол күйеуі бала асырап алу туралы ұсыныс жасағанын жасырмады. Алайда ол үлкен жауапкершілік екенін айтып, өз баласы болатынына сенім білдірген.

Айта кетейік, блогерлер тоғыз жылдан кейін балалы болып, атын Әлем деп қойды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью