Диалог пен бірлік алаңы | Qazaq24.com
Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Түркі әлемінің аса көрнекті ойшылы Жүсіп Баласағұнның: «Билеушінің бас­ты міндеті – әділет орнату, елге қорған болу, ақылмен шешім шығару», деген ұлағаты бүгінгі күнге жетті.
Бұл сөздің мәні зор, мағынасы терең. Әділеттілік үшін айтуға тиіспіз, қазіргі кезеңде елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ» Ел экономикасын дамытуды күшейтудің алғы­шарты ретінде сая­си жаңару да жүйелі жүзеге асып келе­ді.
Яғни мемлекеттік қызмет пен сервистік жұмыстың сапа­сын арттыруда қоғамдық ұйым­дарды және азаматтық сек­тор­ды белсенді қатыстыру жұмы­сы жетілдіріліп жатыр.
Президентіміз ұсынған конс­титуциялық реформалар мем­лекетті саяси тұрғыдан жаңғыр­тумен бірге халқымыздың қоғамда әлеуметтік әділдік орна­туға деген сеніміне серпіліс әкелге­нін айту қажет.
Осы орайда елімізде 2022 жыл­дан жұмысын баста­ған жаңа қоғамдық-саяси формат­тағы Ұлттық құрылтай диалог алаңы ретінде ел дамуының стра­те­гиялық бағыттарын талқы­лап қана қоймай, қоғамдағы өзек­ті мәселелерді мемлекеттік ше­шім­дерге айналдыруды мақсат етті.
Ұлттық құрылтай – жаңа за­ман­ның ғана құбылысы емес. Бұл ұғым ғасырлар бойғы халық тәжірибесімен, дәстүрлі басқару және келісім институтыме
Читать полностью
Читать новость