Диас Кенжебек пара жүзуден Азия рекордын жаңартып, құрлықтық доданың чемпионы атанды

20.10.2026

Zakon.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Ерлер арасында S10 санаты бойынша 100 метрге шалқалай жүзу сайысының финалында Диас Кенжебек 1 минут 1,98 секунд нәтижемен мәреге бірінші болып жетті. Осылайша ол Азияның бұған дейінгі 1 минут 3,73 секундтық рекордын жаңартты.

Сондай-ақ бүгін, 20 қазанда ол SM10 санатында 200 метрге кешенді жүзуден 2:21.61 уақыт нәтижесін тіркеп, күміс алды.

Бұл – Қазақстан құрамасының V Азия Пара ойындарындағы бесінші алтын медалі. Осылайша Диас Кенжебектің еншісінде үш медаль бар. Ол бұған дейін 100 метрге еркін стильде жүзуден (S10) күміс алған еді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью