Дидье Дешам Испанияға қарсы ойында төрешілер жұмысына наразылық білдірді

15.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Фото: Anadolu

Француздар Испаниядан 2:0 есебімен жеңіліп, бұл жолы мундиальдің финалына шыға алмады. Кездесудегі алғашқы гол пенальтиден соғылды.

Ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында Дешам бас төреші Иван Бартонның мұндай деңгейдегі матчқа лайық екеніне күмәнмен қарайтындығын жеткізді.

«Егер бірдеңе айтсам, жеңілген соң сылтау іздеп отырған адам сияқты көрінемін. Бірақ өздеріңіз айтыңыздаршы, бұл төреші әлем чемпионатының жартылай финалын басқаруға лайық па? Пенальти болды, бірақ мәселе тек онда емес. Бірнеше эпизодқа назар аударсақ,  сұрақтар туындайды. Менің төрешіге жеке өкпем жоқ, алайда осыны ойлану керек», деді Дешам.

Ойынның 22-минутында Франция қорғаушысы Люка Динь Ламин Ямальға қарсы ереже бұзғаннан кейін Испанияның пайдасына пенальти белгіленген болатын. Сонымен қатар матч барысында төреші бірнеше даулы сәтті, соның ішінде Ямальдың Килиан Мбаппеге қарсы жасаған тәртіп бұзушылығын назардан тыс қалдырды деген пікірлер айтылды.

Мбаппеге тіл тигізген Парагвай сенаторы бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Өз кезегінде Испания құрамасының бас бапкері Луис де ла Фуэнте әріптесінің пікірімен келіспейтінін жеткізді. Ол төрешілікте даулы сәттер болғанымен, маманның кәсіби деңгейіне күмән келтіруге негіз жоқ екендігін атап өтті.

Испания құрамасы Францияны қатарынан үшінші рет жеңіп отыр. Бұған дейін қызыл жейделілер француздерды Ұлттар лигасының жартылай финалында (5:4) жеңіп, Еуро-2024 додасында (2:1) басым түскен еді.

ФИФА жаңа жүйе ұсынды: 2030 жылғы әлем чемпионатына 64 команда қатысуы мүмкін

Әлем чемпионатының финалы 19 шілдеден 20 шілдеге қараған түні өтеді. Испания финалда Англия мен Аргентина арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Аргентина мен Мысыр арасындағы ширек финалдық матч дау-дамаймен аяқталған еді. Ойынның 58-минутында Мысыр шабуылшысы Мостафа Зико соққан гол VAR тексерісінен кейін есепке алынбады. Осыдан соң Египет құрамасының бас бапкері Хоссам Хассан төрешілікке наразылық білдіріп, ФИФА-ны қаржылық мүддені бірінші орынға қойып отыр деп айыптады. Артынша ФИФА мәлімдеме жасап, Аргентинаға төрешілер көмектесті деген айыптауды жоққа шығарды. Соған қарамастан қазір әлемнің түкпір-түкпірінен 2,5 миллионға жуық жанкүйер Аргентинаға қарсы петиция жариялап, қол қойған. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью