24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Әлемнің 107 елінің ІТ мамандары Қазақстанның Digital Nomad визасын ала алады. Былтыр іске қосылған жоба шетелдік ІТ мамандарына елге келуді жеңілдетіп отыр.
Құжат Astana Hub порталы арқылы онлайн рәсімделіп, виза бір жылға беріледі немесе уақытша тұруға рұқсат ала алады. Шетелдік ІТ маманына қойылатын басты талап – тиісті біліктілігінің болуы. Digital Nomad Visa және Digital Nomad Residency жобасы іске қосылғалы 20-дан астам елден 400-ге жуық өтінім түскен.