Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Алматыда Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде әлемге танымал әнші, Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайбергеннің жеке коллекциясынан құралған «Димаш: бір дауыс – мың ел» атты көрме ашылды. Алматы қаласы музейлер бірлестігі ұйымдастырған іс-шараға өнер иесі арнайы қатысып, көрменің тұсауын өзі кесті, деп жазады Egemen.kz.
Экспозицияға Димаш Құдайбергеннің жеке қорынан алынған 70 музыкалық аспап қойылды. Олардың арасында әлемнің әр қиырынан жанкүйерлері сыйға тартқан аспаптар бар. Сондай-ақ көрмеде әншінің сахналық костюмдері ұсынылған. Көрерменге ерекше әсер қалдырған жәдігердің бірі – әлемдік поп-мәдениет жұлдызы Майкл Джексоннің жеке стилисті Гоко Залди арнайы тіккен сахналық киім.
Көрменің мәнін арттырған сәттердің бірі – Димаш Құдайбергеннің музей қорына екі домбырасын табыстауы. Оның бірі бала күнінен қолынан түспеген, атасы сыйлаған домбыра болса, екіншісі – өнер иесінің қолтаңбасы қойылған аспап. Өз кезегінде Алматы қаласы музейлер бірлестігінің директоры Ләззат Құдайбергенқызы музей ұжымы атынан Димашқа Абай Құнанбайұлының домбырасының дәл көшірмесін тарту етті. Бұл сый – рухани сабақтастық пен ұлттық құндылыққа деген өзара құрметтің белгісі ретінде бағаланды.
Түркістанда Димаш Құдайбергеннің продюсерлік «Voice Beyond Horizon» жобасы басталды
Димаш Құдайбергеннің әкесі, Қазақстанның Мәдениет қайраткері Қанат Айтбаев көрменің мазмұндық маңызына тоқталып, оның жеке коллекцияны таныстырумен шектелмейтінін айтты. Оның сөзінше, бұл бастама ұлттық өнерді дәріптеп қана қоймай, түрлі халықтың музыкалық мұрасын бір кеңістікте тоғыстырған тағылымды жоба.
«Бұл аспаптардың әрқайсысы біз үшін аса қымбат. Себебі олар әлемнің әр түкпірінен жиналған, әр халықтың төл мәдениетін танытады. Әр аспаптың артында өз тарихы бар. Осындай құнды дүниелерді тарту еткен барша азаматқа алғысымыз шексіз», деді Димаш Құдайбергеннің анасы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Светлана Айтбаева.
Іс-шараға Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Данияр Алиев, ТҮРКСОЙ ұйымындағы Қазақстанның ресми өкілі Нышанкүл Қаратаева, мәдениет пен өнер қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары және әншінің жанкүйерлері қатысты.
«Димаш: бір дауыс – мың ел» көрмесі өнердің ұлт пен шекараға бағынбайтынын айқын көрсетеді. Экспозиция келушілерге әншінің шығармашылық әлемін тереңірек танып, ұлттық музыкалық аспаптардың бай мұрасын сезінуге мүмкіндік береді.
Көрме бір ай бойы Алматы қаласы, Зенков көшесі, 24а мекенжайында орналасқан Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде жалғасады.
Бұның алдында Димаш Құдайберген олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа көлік сыйлап, ел ықыласына бөленген еді.
Соңғы жаңалықтар
Димаш Құдайберген 70 аспабын музейге тапсырды
Мәдениет • Бүгін, 12:51
Орфандық ауруы бар науқастар неге дәрісіз қалды?
Медицина • Бүгін, 12:42
Азия ойындары-2029: Алматыда жаңа спорттық нысандар салына ма?
Спорт • Бүгін, 12:33
Астанада полицейлер мұз құрсауында қалып қойған балықшыны құтқарды
Оқиға • Бүгін, 12:26
Әлем кубогі: Қарағандылық спортшылар артистік жүзуден 14 медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 12:15
Абзал Құспан: Конституциялық сот азамат пен мемлекет арасындағы төреші болады
Ата заң • Бүгін, 12:03
«Astana Motors» ұжымы жаңа Конституция жобасын талқылады
Референдум • Бүгін, 11:50
Семейде 30-ға жуық отбасы баспаналы болды
Аймақтар • Бүгін, 11:45
АҚШ Сириядан әскерін толық әкетуді жоспарлап отыр
Саясат • Бүгін, 11:37
ERG металлургтері отандастарымызды референдумға қатысуға шақырды
Ата заң • Бүгін, 11:35
Жылжымалы кітап көрмесіне қандай шығармалар ұсынылды?
Әдебиет • Бүгін, 11:30
76 жасқа дейінгі ел азаматтары тегін скринингтен өте алады
Медицина • Бүгін, 11:23
Референдумға 24 күн қалды: Астанада кері санақ таблолары орнатылды
Референдум • Бүгін, 11:20
Балқаш қаласында көпқабатты үйдің бір бөлігі опырылып түсті
Аймақтар • Бүгін, 11:10
Қонаевтағы желкенді спорт оқу-жаттығу орталығы қала меншігіне өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:02