Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, кеште Құрманғазының төкпе күйлері мен Тәттімбеттің шертпе дәстүрін жаңаша пайымда ұсынылды.
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігіАбылай Тілепбергеннің жеке орындауындағы және ұлттық оркестрмен бірлескен шығармалары көрермен көңілінен шықты. Ұлттық музыка өнерінің алтын қорына енген таңдаулы күйлер мен оркестрлік өңдеудегі туындылар тың интерпретацияда орындалды.
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігіКонцертке Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген арнайы қонақтардың қатарында болды. Олар бір сахнада өнер көрсетіп, жан тебірентер күйлерді бірге орындады.
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігіІс-шарада ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, сазгер Ренат Гайсин, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры солистері мен Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблі әртістері және домбырашылар тобы өнер көрсетті.
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігіБұған дейін Димаш Құдайберген Алматыдағы музейге атасының домбырасын сыйға тартқанын жазғанбыз.