Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
АСТАНА, 15 ақпан-Sputnik. Димаш Құдайберген Михайл Шайдоровқа темір тұлпар сыйлайтын болды.
Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Димаш олимпиада чемпионын құттықтап, ыстық лебізін жеткізді.
"Құрметті ағайын не деген мереке, не деген той! Мұз үстіндегі өнерің сені чемпион ғана емес, дүйім жұртқа рух, шабыт сыйлаған үлкен азаматқа айналдырды. Халқымыздың алдындағы борышыңды өтедің. Әнімді орындап мені де марқайттың!", - деді Димаш.
Елге жетіп алайық, темір тұлпарды табыстаймын деді ол.
Айта кетейік, Михаил Шайдоров Миланда өтіп жатқан қысқы Олимпиаданың алтын медаль иегері атанды.
Михаил өзінің еркін бағдарламасында Димаштың орындауындағы "Confessa, the Diva Dance" әуенімен өнер көрсетті.