Димаш Құдайбергеннің Voice Beyond Horizon жобасы Түркістанда көрсетілді

06.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Димаш Құдайбергеннің «Voice Beyond Horizon» шоуының алғашқы эпизоды шуақты Түркістанда 6 елден келген сегіз қатысушының басын қосты.

Фото: Kazinform

Жобаның бастамашысы әрі қазылар алқасының төрағасы ретінде Димаш әуелі өзі ашық сахнаға шығып, қатысушыларға жоғары талап қойып, өнерпаздарды жаңа белестерге жетелейтін шығармашылық бағыттың көкжиегін кеңейтті.

Фото: Kazinform

«Fire» авторлық композициясы тыңдаушыларға тосын форматта ұсынылып, туындылар тек ағылшын тілінде ғана емес, қытай тілінде де орындалды. Ал қазақ тіліндегі аса жылдам ырғақтағы рэп элементінің енгізілуі көрермен тарапынан зор ықыласқа ие болды.

Фото: dimashnews Фото: dimashnews.com

Байқауға қатысушылар заманауи әуездегі опералық орындаудан бастап қытайдың биік таулы аймақтарына тән әуендеріне дейін, нәзік махаббат әндерінен қырғыз тіліндегі битбокс элементтері қамтылған композицияларға дейінгі түрлі жанр мен стильдегі музыкалық туындыларды орындады.

Фото: dimashnews.com

Қазақстанның атынан қатысқан Нұржас Садырбаев Димаш Құдайбергеннің авторлығымен жазылған «Самал» әнін ана тілінде орындап берді.

Фото: dimashnews.com

Жоба ережесіне сәйкес, әрбір концерттік нөмірден кейін көрермендер қатысушылардың өнерін бағалап отырды. Бағдарлама соңында музыкалық сарапшылар Лэй Цзя мен Димаш Құдайберген алғашқы байқау күнінің қорытындысын жариялап, үздік үш орындаушыны анықтады.

Фото: dimashnews.com

Нәтижесінде жүлделі орындарға ие болғандар: Италиядан келген Джулия Фальконе (үшінші орын), Қытайдан Цай Чэнъюй (екінші орын) және алғашқы эпизодтың жеңімпазы — қазақстандық Нұржас Садырбаев болды.

Фото: dimashnews Фото: dimashnews Фото: dimashnews

— «Voice Beyond Horizon» шоуының алғашқы шығарылымының жүлдегерлері мен жеңімпаздарын құттықтаймыз! Келесі аптада қатысушылардың Түркістанның көрікті орындарына жасаған қызықты сапарына куә болып, олардың келесі шығарылымға дайындығын тамашалай аламыз, — делінген хабарладама.

Айта кетелік Димаш Құдайбергеннің халықаралық жобасы Алматыда көрсетілген еді

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью