Zakon.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
ҚР Халық әртісі 2026 жылғы 3 ақпанда өзінің Instagram парақшасында ерекше челлендж бастайтынын жариялады.
"Достар, жобамыздың премьерасы жақындады. Осыған орай, қызық болсын деген ниетпен кішігірім челлендж бастаймын. Достарыңызды @voicebeyondhorizon парақшасына шақыру керек және шақырылған адам міндетті түрде @voicebeyondhorizon парақшасына тіркелуі тиіс. Ең көп тіркелуші алып келген адаммен жеке кездесіп, құрметті қонақ қылдырып, бір күн бірге өткізсек деймін. Қаласаңыздыр жеңімпаздың қаласына немесе еліне өзім барып келуге де дайынмын",- деп мәлімдеді Димаш.
Белгілі болғандай, челлендж 3 ақпан мен 20 ақпан аралығында өтеді.
"Таныстарыңызды дәл осы видеоның астына тіркеп, шақыра берсеңіздер болады",- деп қорытындылады әнші.
Бұған дейін Димаш Құдайберген өзінің жаңа жобасы жайлы егжей-тегжейлі айтып бергенін жазғанбыз.