Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Бүгін, 31 шілдеде Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген өзінің YouTube арнасында қазақтың халық әні «Aqerke» шығармасының заманауи нұсқасын көпшілікке ұсынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
dimashnews.com жазуынша, бұл туынды ұзақ жылдар бойы халық әншілерінің орындауында домбыраның сүйемелдеуімен шырқалып келген. Әнді кеңінен танытқан ең көрнекті орындаушылардың бірі – ХХ ғасырдағы көрнекті қазақ әншісі әрі композиторы Ғарифолла Құрманғалиев.
Музыкалық продюсер ретінде Димаш музыкант Ренат Аубакиров және саунд-продюсер Ерлан Бекчуринмен бірлесіп, әнді жаңаша өңдеп, өз көзқарасын ұсынды. Музыканттар шығарманың дәстүрлі болмысын ұқыптылықпен сақтай отырып, оны заманауи музыкалық шешімдермен толықтыра білді.
Әннің жаңа нұсқасында Димаштың дауысы ғана емес, сонымен қатар Ғарифолла Құрманғалиевтің тарихи мұрағаттық жазбаларынан алынған үзінділер де естіледі, соның арқасында өткен мен бүгіннің арасындағы өзіндік музыкалық үндестік қалыптасты.
«Aqerke» әніне түсірілген бейнебаян Алматы қаласында және әншінің туған жері – Ақтөбеде түсірілді. Түсірілім жұмыстары жерде, суда және әуеде жүргізіліп, түрлі табиғи көріністерді бір туындыға тоғыстырды.
Түсірілім жұмыстарына 130 адамнан тұратын үлкен шығармашылық топ қатысты. Сонымен қатар Ақтөбедегі Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда Димаштың 10 мыңға жуық жерлесі жиналып, әнге арналған әсерлі бейнебаянның түсіріліміне қатысты.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.