Дін мемлекеттен бөлек : министрлік мектеп формасына қойылатын талаптарды түсіндірді

07.08.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Оқу-ағарту министрлігі міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бүгінде ұлдар мен қыздарға арналған мектеп формасы күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді. Оны таңдау кезінде білім алушылардың жас ерекшеліктері, климаттық жағдайлар, сабақ өтетін орын, оқу ғимаратындағы температуралық режим және қауіпсіздік талаптары ескеріледі.

"Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясына сәйкес дін мемлекеттен бөлек, ал білім беру ұйымдарындағы білім мен тәрбие беру жүйесі зайырлы сипатқа ие. Мектеп формасының пішімін білім беру ұйымы қамқоршылық кеңестің, ата-аналар комитетінің және мектептегі өзін-өзі басқару органдарының қатысуымен айқындайды. Ол жалпы мектептік ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітіледі. Мектеп формасына енгізілетін өзгерістер де аталған кеңестермен келісу арқылы қабылданады", - дейді оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова.

Оның айтуынша, ата-аналар мектеп формасын кез келген сауда желісінен сатып алып, өндірушіні еркін таңдай алады. Мектеп тарапынан жекелеген өндірушілерге артықшылық беруге жол берілмейді.

Ал әлеуметтік осал санаттағы отбасылардың балаларына жалпыға бірдей білім беру қоры аясында мектеп формасын, аяқ киім мен мектепке қажетті құралдарды сатып алуға мемлекеттік қолдау көрсетіледі. 2026-2027 оқу жылы қарсаңында мұндай қолдаумен 450 мыңға жуық баланы қамту жоспарланып отыр. Осы мақсатқа жергілікті бюджеттерден шамамен 23 млрд теңге қарастырылған.

Ал қауіпсіздік талаптарына сәйкес, мектеп формасында жарақат келтіруі мүмкін фурнитура мен аксессуарлар болмауға тиіс. Сондай-ақ білім беру ұйымдарының жарғыларында белгіленген қағидалар бойынша оқу ғимараты ішінде бас киіммен жүруге болмайды.

Заңға сәйкес, ата-аналар білім беру ұйымының жарғысында белгіленген қағидаларды және міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға міндетті.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью