Дина Исламбекова Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші алтынды салды

09.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Отандасымыз финалда үндістандық Алфия Пазанмен қолғап түйістірді.

Дина Исламбекова 2019 жылы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған еді. Бұл жолы ол алғашқы раундта қарсыласын нокдаунға түсіріп, басымдыққа ие болды. Қалған уақытта да Дина өзінің жеңісіне күмән тудырмады. Қорытынды есеп: 5:0

Айта кетсек, бұдан бұрын ел құрамасынан Надежда Рябец (80 келі) финалда өзбекстандық Рухшона Парпиеваны қапы қалдырып, Азия чемпионы атағын жеңіп алды. Сондай-ақ Бақыт Сейдіш (70 келі) финалда үндістандық Арундхати Чоудхариге есе жіберді.

Құрлықтық додада 10 сәуірде қазақстандық бес боксшы алтын медальды сарапқа салады. Олардың қатарында ерлерде Оразбек Асылқұлов (60 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Нұрбек Оралбай (85 келі), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) бар.

Бүгін қазақстандық үш боксшы шаршы алаңға шығады. Ел құрамасы финалға шыққан спортшылар саны жөнінен жалпы есепте Үндістанмен алғашқы екі орынды өзара бөлісіп тұр.

Сондай-ақ Азия чемпионатында Өзбекстан - 7, Солтүстік Корея мен Қытай - 3, Тайпей, Моңғолия, Таиланд, Иордания, Жапония - 2, Тәжікстан 1 үздігіне үміт артады.

Бұған дейін Азия чемпионаты финалына қай елден қанша боксшы шыққанын жазғанбыз.

Азия чемпионатының финалы 9-10 сәуір күндеріне белгіленген.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью