Динара Дауылқызы U20 әлем чемпионатында қола жүлде үшін белдеседі

19.08.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Қазақстандық балуан Динара Дауылқызы Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Отандасымыз 53 келіге дейінгі салмақта жұбаныш белдесуінде сәтті өнер көрсетті.

ҚР ҰОК мәліметінше, Дауылқызы Қырғызстан өкілі Эльмира Карабалаеваны сенімді түрде жеңді. Енді қола медаль үшін өтетін белдесуде Динара Өзбекстан өкілі Сакибжамал Есбосыновамен кездеседі.

Айта кетейік, бір күн бұрын Қазыбек Қалмағамбетов грек-рим күресінен Қазақстан қоржынына алтын медаль салған болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью